23 наурыз: атаулы күндер, тарихи оқиғалар, танымал есімдер

0

Бұл Григориан күнтізбесінде 82-ші күн. Жыл соңына дейін 283 күн бар.

23 наурызда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

         23 наурызда қандай қызықты оқиғалар болды

Бүгін – Бүкіләлемдік метеоролог күні. Бұл дата 1950 жылдан бері 23 наурызда аталып өтеді. Мерекені БҰҰ қолдауымен Бүкіләлемдік метерология ұйымы бекітті. Халықаралық мерекенің әлемдегі маңызы өте зор. Метеорология күні әр ұжым салтанатты жиындар өткізіп, осы саладағы ардагерлермен кездесулер ұйымдастырады. Бұл салтанатты кәсіпорындарға қызмет көрсететін тәжірибелі мамандар, сондай-ақ болашақта метеорологияның дамуына үлес қосатын оқу орындарының суденттері өткізеді. Бүкіләлемдік метеоролог күні күрделі де қызық мамандықты таңдаған жандарға ризашылық ретінде пайда болды.

Сондай-ақ, бүгін – «Окей» (O.K. ) сөзінің туған күні. Алғаш рет бұл сөз 1839 жылдың 23 наурызында пайда болған деседі. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, бостондық «Morning Post» газетінде бұл сөз қате жазылған «all korrect» тіркесінің қысқартылған нұсқасы екені айтылған. Алайда нью-йорктік демократтар өзге пікірді ұстанады. Олардың пайымынша, ОК сөзі демократтар құрған клубтың The Democratic OK Club (ОК – Old Kinderhook, АҚШ-тың сол кездегі президенті Мартин ван Бюреннің туған жері) атауынан туындаған.

Бұған қоса, бүгін поляк-венгр достығы күні аталып өтеді. Мереке 2007 жылы пайда болды, Польша мен Венгрияда тойланады. Поляк және венгр халықтары арасында қалыптасқан тарихи достық құрметіне бекітілді.

         23 наурызда әлемде болған тарихи оқиғалар

1841 жылы Лондонда Ричард Биэрд Еуропадағы алғашқы фотоательесін ашты;

1848 жылы Венгрия Австриядан тәуелсіздігін жариялады;

1956 жылы Пәкістан алғашқы ислам республикасы болып жарияланды;

1983 жылы кеңестік ғарыштық ультракүлгін телескопы – «Астрон» іске қосылды.

         23 наурызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1995 жылы Қазақстанның Литва Республикасындағы елшілігі ашылды;

2009 жылы Қызылорда облысында өңірдегі бірінші қыздар футбол командасы құрылды. «Жігер» командасының құрамына 1993-1994 жылғы қыздар кірді;

2010 жылы Мәскеудегі орта мектептердің біріне Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының есімі берілді.

         23 наурызда әлемде туған танымал тұлғалар

1926 жылы кеңестік және ресейлік киноактер, кәсіпкер, Грузин КСР халық әртісі (1966) Арчил Гомиашвили туды (фильмдері: «12 стульев», «Сталинград»);

1931 жылы кеңестік шахматшы, гроссмейстер (1956), ХХ ғасырдың 60-шы жылдарынан бастап әлем чемпионы атағына үміткер, 1978 және 1981 жылдары шахматтан әлем біріншілігі матчтарына қатысқан Виктор Корчной дүниеге келді. КСРО-ның төрт дүркін чемпионы (1960, 1962, 1964, 1970), Ленинградтың үш дүркін чемпионы (1955, 1957, 1964).

1937 жылы америкалық кино және телевидение актері, боксшы Тони Бертон өмірге келді. «Рокки» сериясындағы алты фильмге түскен үш актердің бірі (Сильвестр Сталлоне және Берт Янгпен қатар).

1977 жылы ресейлік мәнерлеп сырғанаушы, жұппен сырғанауда Олимпиада чемпионы (2006) Максим Маринин туды. Әлемнің екі дүркін чемпионы (2004, 2005), Еуропаның бес дүркін чемпионы (2002-2006). РФ еңбек сіңірген спорт шебері.

         23 наурызда Қазақстанда кімдер туды

1925 жылы қазақтан шыққан химик-металлург, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, Жазушылар одағының мүшесі Евней Бөкетов дүниеге келді;

1927 жылы филология ғылымының докторы, профессор, көрнекті ғалым, Ұлттық Ғылым академиясының академигі, әдебиет сыншысы Серік Қирабаев өмірге келді;

1949 жылы актер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мырзахмет Мұқаманов туды.

         Ай күнтізбесі

Ай Сарышаян белгісінде орналасады. Бүгінгі күнді жеке мәселелеріңізді шешуге арнаңыз. Асығыс шешім қабылдамаңыз. Серігіңіздің адалдығын тексеруге қолайлы күн.



sputniknews.kz