атаулы күндер, тарихи оқиғалар, танымал есімдер

0

Бұл – Григориан күнтізбесіндегі 56-шы күн. Жыл соңына дейін 309 күн қалды.

25 ақпанда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен әйгілі екенін Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

            25 ақпанда қандай қызықты оқиғалар болды

Бүгін Спирттың ашылу күні тойланады. Спирттің қолданыс аясы өте кең – медицина, азық-түлік, химия өнеркәсібі, косметология салаларында, жанармай ретінде пайдаланылатын аса маңызды қажетті өнім. Спиртің ашылу күнін медицина қызметкерлері мен химиктердің кәсіби мерекесі деп атауға да болады. Құрамында этанол (этил спирті) бар масайтатын сусындар біздің дәуірімізге дейінгі 8-ші мыңжылдықта пайда болған, оны ашып кеткен жемістерден әзірлейтін. Алғашқы таза спиртті арабтар VI ғасырда шараптан бөліп алды, бұл туралы парсыдан шыққан емші-алхимик Ар-Разидің жазбаларында айтылған. Еуропалықтар бұған XI-XII ғасырда ғана қол жеткізді. «Спирт» сөзі латынның «spiritus vini» («шараптың рухы») сөзінен шыққан. Тағамдық спиртті өндіру үшін картоп, дәнді-дақылдар, қант қызылшасы, шикі қант, жералмұрт, жүзім, жемістерді пайдаланады, ал техникалық спритті мұнай өнімдері, ағаш және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің қалдықтарынан алады. Этил спирті 78°C-та қайнайды. Бұл өнімді шектен тыс қолдану ауыр науқасқа әкеп соқтыруы ықтимал – маскүнемдік. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, 2014 жылдың қорытындысы бойынша, адам басына шаққанда ішімдік пайдалану деңгейі бойынша Молдова бірінші орында болды, екінші орында – Чехия, үшінші орында – Венгрия. Олардың соңынан Ресей мен Украина келеді. Ал ішімдікті ең аз ішетін ел ретінде Ауғанстан танылған.

Сонымен қатар, бүгін револьвер қаруы өзінің туған күнін атап өтіп жатыр. 1836 жылы дәл осы күні қару патенттелді. Револьверді ойлап тапқан адам —  Сэмюэл Кольт, бірақ кей тарихшылардың пайымдауынша, қаруды негізінде Кольттың көмекшісі Джон Пирсон жасап шығарыпты. Бұған ұқсас қару алғаш рет XVI ғасырда құрастырылған еді. Кремний револьверінің патентін Коллиер есімді адам өнертапқыш Артемас Уиллерден ұрлап алды. Ол қару жасаушы шығарған механизмді толықтырып, авторлықты өз атына жазып алған. Уиллер Солтүстік Америкада тұрып, қаруды өз елінде патенттеген екен, бірақ әлемде британ патентінің құны жоғары болғандықтан, досы әрі әріптесі Коллиерді Англияға жібереді, бірақ Коллиер бұл мүмкіндікті құр жібермей, қаруды өз атына жазып, тіпті фабрика ашып алады.

Бүгін Кеңес Одағының Грузияға басқыншылық жасаған күні аталып өтеді. Бұл күнді атап өту 2010 жылы ұсынылып, алғаш рет ресми түрде 2011 жылы аталып өтті. Грузия астанасы Тбилиссиге Қызыл әскердің басып кірген қасіретті күнді еске алуға арналған. Бұл оқиға 1921 жылы 25 ақпанда Кеңес-грузин соғысы кезінде болған. Басқыншылық күні Грузияда кеңес билігі жарияланып, Грузин Кеңестік Социалистік Республикасы құрылды.

            25 ақпанда әлемде болған тарихи оқиғалар

1928 жылы Чарльз Дженкинстің Вашингтондағы зертханасы алғашқы телевизиялық рұқсатнамаға ие болды;

1930 жылы Мәскеуде Театр қызметкерлерінің клубы құрылды;

1969 жылы The Beatles «Abbey Road» атты соңғы альбомын жазуды қолға алды;

1992 жылы Ресейдің ғарыш агенттігінің негізі қаланды.

            25 ақпанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1971 жылы Жезқазған жез балқытау зауыты іске қосылды. Кәсіпорынның қуаты – жылына 100 мың тонна катодтық жез;

1994 жылы Қазақстан Республикасы мен Камбоджа корольдігі арасында дипломатиялық қатынас орнатылды;

1999 жылы Тәуелсіз Қазақстандағы алғашқы халық санағы жүргізіле басталды;

            25 ақпанда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

1841 жылы француз суретшісі, кескіндемеші, мүсінші, импрессионизмнің негізгі өкілдерінің бірі Пьер Ренуар дүниеге келді. Атақты режиссер Жан Ренуардың әкесі;

1943 жылы британдық рок музыкант, әнші, композитор, жазушы, продюсер, гитарист, «The Beatles» тобында соло-гитарист болған Джордж Харрисон дүниеге келді;

1959 жылы кеңестік және ресейлік кинорежиссер, сценарист, продюсер Алексей Балабанов дүниеге келді. «Про уродов и людей», «Брат», «Война», «Груз 200» сияқты фильмдердің қоюшы режиссері;

1982 жылы украин тележүргізушісі, жазушы, актриса, журналист Ольга Фреймут дүниеге келді.

            25 ақпанда Қазақстанда кімдер дүниеге келді

1916 жылы әнші, ҚР халық әртісі Кәукен Кенжетаев дүниеге келді;

1949 жылы актер, режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәулебек Асылхан дүниеге келді;

1956 жылы физика-математика ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның Ұлттық ғылым академиясының академигі Асқар Жұмаділдаев дүниеге келді;

1986 жылы қазақ моделі әрі актрисасы Аружан Жазылбекова дүниеге келді. «Спасатель», «Ограбление по-казахски», «Рэкетир 2: Возмездие», «Свадьба на троих» және тағы басқа фильмдерде басты рөл сомдаған.

            Ай күнтізбесі

Ай Сарышаян белгісінде орналасады. Бүгін жеке пайдаңызға қатысы жоқ шаруалар сәтті орындалатын болады. Күмәнді жобаларға қатыспаған жөн. Отбасы мен әріптестер арасында қарым-қатынасты нығайтуға көңіл бөліңіз. Құрылыс, жөндеу жұмыстарын қолға алып, жылжымайтын мүлік сатып алуға болады.



sputniknews.kz