10 ақпан: атаулы күндер, тарихи оқиғалар, танымал есімдер

0

Бұл Григориан күнтізбесінде 41-ші күн. Жыл соңына дейін 324 күн бар.

10 ақпанда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

         10 ақпанда қандай қызықты оқиға болды

Жыл сайын 10 ақпанда А.С.Пушкинді еске алу күні аталып өтеді. Александр Сергеевич Пушкин көзі тірісінде-ақ белгілі әрі танымал болған жан. Оның поэмалары, ертегілері, өлеңдері мен прозасына орыс халқының рухы сіңген. Пушкинннің шығармалары әлемнің барлық тіліне аударылды. Ол әдеби орыс тілінің негізін қалаушы және орыс классикалық әдебиетінің символы саналады. Бұл күні ақынның жеке суреттерінің, отбасылық альбомының, классикті бейнелеген суретшілердің картиналарының көрмелері өтеді. Мәскеудегі А.С.Пушкин атындағы мемлекеттік бейнелеу өнері музейі мен оның филиалдары келем деушілерді көрмеге шақырады. Санкт-Петерборда ақынды еске алу салтанаты ол тұрған үйдің ауласынан басталады. А.С. Пушкин Дантеспен болған дуэль кезінде алған жарақатынан 1837 жылы 10 ақпанда 37 жасында көз жұмды.

Ресейде – Дипломатиялық қызметкер күні. Мереке РФ президентінің жарлығымен ресми деңгейде бекітілген. Құжатқа В.Путин қол қойды. Мекеме 1549 жылдың 10 ақпанында Иван Грозныйдың шешімімен құрылған еді. Ол Ресейдің мүддесін қорғайтын алғашқы сыртқы сасяи органға айналды. Бір айта кетерлігі, мемлекет басшысының құжаты сыртқы істер министрлігінің негізі қаланғанына 200 жыл толуына орай шықты. Салтанатты рәсімге Сыртқы істер министрлігінің барлық қызметкері қатысады. Олардың қатарына елшілер, консулдар, миссиялар мен корпус өкілдері, ардагерлер, қызмет көрсетуші және қосалқы персонал кіреді. Бейінді оқу мекемелерінің оқытушылары, студенттері мен аспиранттарына да ортақ мереке.

Сондай-ақ, бүгін үтік туралы алғаш айтылған күн. Үтік жайлы сөз патша сарайының шығындары кітабынан табылған. Жазба 1636 жылы жазылған. Кітапта үтіктің құны 5 алтын, ең қарапайым қыздырғыш типіне жататыны суреттелген. Салмағы шамамен 10 келі және монолитті болған. Ал қазіргі заманауи үтіктер электрмен жұмыс істейді, ыңғайлы, әмбебап, қауіпсіз әрі арзан.

         10 ақпанда әлемде болған тарихи оқиғалар

1935 жылы Израильдің Нагария қаласының негізі қаланды;

1940 жылы «Том и Джерри» мультфильмінің бірінші сериясы экранға жол тартты;

1996 жылы «супер» компьютер IBM Deep Blue мен Гарри Каспаровтың арасында алғашқы шахмат матчы басталды;

2009 жылы космонавтика тарихында алғаш рет Жер орбитасында жасанды спутниктер соқтығысты.

         10 ақпанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1934 жылы Бүкілресейлік орталық атқару комитеті президиумының қаулысымен кеншілер орталығы Қарағанды ресми түрде қала мәртебесін алды;

1993 жылы Торғай облысы Жангелдин ауданындағы КОКП XXI съезі атындағы совхоз белгілі қолбасшы Шақшақ Жәнібек есімімен аталды;

1995 жылы Алматыда Өзбекстанның Қазақстандағы елшілігінің ресми ашылу салтанаты өтті;

2006 жылы Алматыда Мұқағали Мақатаев атындағы республикалық қоғамдық қор құрылды;

         10 ақпанда әлемде туған танымал тұлғалар

1890 жылы орыс жазушысы, ақын, аудармашы, ХХ ғасырдың белгілі ақындарының бірі Борис Пастернак дүниеге келді;

1915 жылы кеңестік және ресейлік театр және кино әртісі Владимир Зельдин туды. КСРО халық әртісі (1975). Екінші дәрежелі Сталин сыйлығы (1951) мен РФ үкіметі сыйлығының лауреаты (2008).

1961 жылы кеңестік және ресейлік әнші, композитор, актер Сергей Пенкин өмірге келді;

         10 ақпанда Қазақстанда кімдер туды

1919 жылы жазушы Хамза Абдуллин өмірге келді;

1929 жылы жазушы, аудармашы Мұқан Мамажанов туды;

1939 жылы композитор, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі Әшір Молдағайынов дүниеге келді;

1946 жылы композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері  Кеңес Дүйсекеев өмірге келді;

1954 жылы ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Есенқұл Жақыпбеков туды;

1970 жылы қазақстандық кинорежиссер, сценарийші Рүстем Әбдірашев дүниеге келді;

                  Ай күнтізбесі

Ай Тоқты белгісінде орналасады. Барлық бастама үшін сәтті әрі қолайлы күн. Бүгін ойға алған дүниенің бәрі жүзеге асады, сәттілік серігіңіз болмақ.



sputniknews.kz