атаулы күндер, тарихи оқиғалар, танымал есімдер

0

Григориан күнтізбесі бойынша 17-ші күн, жыл соңына дейін 348 күн бар

17 қаңтарда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын дерекқорынан оқыңыз.

17 қаңтарда қандай қызықты оқиға болды

Жыл сайын 17 қаңтарда бүкіл әлемде өнертапқыш балалар күні аталып өтеді. Бұл күні америкалық мемлекеттік қайраткер, дипломат, ғалым, журналист Бенджамин Франклин туған. Ол 12 жасында алғашқы жұмысы – жүзгенде қолға киетін құрылғы ойлап тапқан. Жыл сайын 500 мыңнан астам бала мен жасөспірім түрлі гаджет пен ойын тауып, роботтар мен техника жасап шығарады.  

Сонымен қатар бүгін шығармашылық және шабыт күні. Шығармашылық пен шабытты екі бөлек қарастыруға болмайды. Шығармашылық адамдары шабыт келген кезде жұмыстың қалай тез жүретінін біледі. Сондықтан шығармашылық пен шабыт мерекесі бір күні аталып өтеді. 

17 қаңтарда әлемде болған тарихи оқиғалар

1209 жылы Кембриджде университет ашылды;

1605 жылы Сервантестің «Дон Кихот» романы алғаш рет жарияланды; 

1861 жылы Томас Креппер бидені патенттеді;

1904 жылы Чеховтың «Вишневый сад» пьесасының тұсаукесері өтті.

17 қаңтарда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1992 жылы Жоғарғы Кеңес «Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы» заң қабылдады; 

1992 жылы «Zaman – Қазақстан» газетінің алғашқы нөмірі шықты;

2001 жылы Оралда өрт сөндіру көліктері шығарыла бастады; 

2010 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Орыс Православ шіркеуінің ең жоғары ордендерінің бірімен марапатталды.

17 қаңтарда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

1706 жылы саяси қайраткер, дипломат, ғалым, жазушы, журналист, баспагер  Бенджамин Франклин дүниеге келді. Ол АҚШ тәуелсіздігі үшін соғыстың көшбасшыларының бірі;

1863 жылы орыстың театр режиссері, актер және педагог, театр реформаторы, КСРО Халық әртісі Константин Станиславский дүниеге келді;

1960 жылы кеңес және орыс композиторы, әнші Игорь Николаев дүниеге келді;

1962 жылы америкалық актер, комик,  сценарист және продюсер Джим Керри дүниеге келді. 

17 қаңтарда Қазақстанда кім туды

1937 жылы жазушы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Энгельс Ғаббасов дүниеге келді; 

1952 жылы бұрынғы мәжіліс депутаты, қоғам белсендісі Айгүл Соловьева дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Егіздер белгісінде орналасады. Энергетикалық жағынан ауыр күн. Бұл күнді отбасыңызға қамқорлық көрсетуге арнаңыз. Жаңа істер бастап, маңызды шешімдер қабылдамаған жөн. Жаман ойлардан арылып, нашар адамдармен сөйлеспеуге тырысыңыз. Бүгін сізге бұрынғы қарызыңызды қайтары мүмкін. 


Дереккөз: https://sputniknews.kz/