атаулы күндер, тарихи оқиғалар, танымал есімдер

0

Бұл – Григориан күнтізбесіндегі 11-ші күн. Жыл соңына дейін 354 күн бар.

11 қаңтарда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен әйгілі екенін Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

11 қаңтарда қандай қызықты оқиғалар болды

Бүгін ғаламшарымыздың түкпір-түкпірінде дүниежүзілік «Рахмет» күні тойланады. Бұл айрықша мереке барша жұртқа жылулық пен қайырымдылық сыйлайды. Адамдар өте жиі қолданатын сөздің шын мәнісінде сиқырлы қасиеті бар – жақсы көңілкүй сыйлап, бір-бірімізді қуанышқа бөлеуге мүмкіндік береді. Қай елге болмасын саяхатқа шығар болсаңыз, кез келген жолсерік кітапшасында осы сөздің аудармасын таба аласыз. Психологтар да «рахмет» сөзіне ерекше мән береді: шын жүректен айтылса, адамды шаттыққа бөлеп, жан тыныштығын сыйлайды. «Рахмет» сөзі алғаш рет сөздікке 1586 жылы Францияда енгізілген. Шамамен сол кезеңде Русьте әдеби дереккөздерде қолданыла бастапты. Содан бері үш ғасыр өтсе де, «рахмет» сөзі адамдардың бір-біріне деген сыйластығын білдіретін әдеп нормасы болып саналады. Осы мейрамда айналаңыздағы барша жанға жиі алғыс білдіріңіз!

Сонымен қатар бүгін – Қорықтар мен ұлттық саябақтар күні. Мерекеге табиғатты қорғаумен айналысатындардың бәрі қатысады: қоғамдық және экологиялық ұйымдар, мемлекеттік мекемелер. Оларға қоршаған ортаны қорғау бойынша білім беретін мекемелердің оқытушылары мен студенттері де қосылады. Мереке күнінің символикалық мәні бар. 1916 жылы 11 қаңтарда Ресей империясында Баргузин қорығы ашылды. Ол Баргузин үстіртінің шығыс жағында, Байқал көлінің жағалауында орналасқан және биосфералық мәртебесі бар. Жабайы табиғат мұрасын сақтауда қорықтардың рөлі аса маңызды. Бұл нысандарды мемлекеттің заңнамасы қорғайды. Ұлттық саябақтарда өнеркәсіп, құрылыс жұмыстарын жүргізуге тыйым салынған. Белгіленген жерлерде ғана демалуға, қыдыруға болады. Тәртіп бұзған жағдайда айыппұл салынады немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады. 

Албанияда бүгін Республика күні тойланады, ал Жапонияда Кагами бираки рәсімі өтеді.

11 қаңтарда әлемде болған тарихи оқиғалар

1569 жылы Англияда әлемде алғаш рет мемлекеттік лотерея өткізілді;

1787 жылы  Уранның екі серігі ашылды — Титания мен Оберон;

1961 жылы  «Whisky-A-Go-Go» атты алғашқы америкалық дискотека ашылды;

2011 жылы  Windows XP Service Pack 3 операциялық жүйесіне жалпы қолдау көрсету тоқтатылды.

11 қаңтарда Қазақстанда қандай тарихи оқиғалар болды

1917 жылы ұлт-азаттық көтерілістің соңғы шайқастарының бірі  — Күйік-Шошқалы ұрысы болды;

2006 жылы Астанада Қазақстан президенті болып қайта сайланған Нұрсұлтан Назарбаевтың инаугурация салтанаты өтті;

2011 жылы Астанада «Исламдық қаржыландыру негіздері» атты тілшілер семинары болды;

2012 жылы Израильде білім алған дәрігерлердің алғашқы бригадасы Таразға оралды.

11 қаңтарда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

1906 жылы швейцариялық химик, ЛСД есірткісін ойлап тапқан Альберт Хофманн дүниеге келді;

1958 жылы кеңестік және украиналық көркем гимнастика шебері, бапкер Ирина Дерюгина дүниеге келді. Екі дүркін абсолютті әлем чемпионы (1977, 1979). КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (1977). Украинаның дене шынықтыру және спорт саласындағы еңбек сіңірген қызметкері (2005);

1972 жылы ресейлік театр және кино актері, Ресейдің халық әртісі (2012) Константин Хабенский дүниеге келді («Ночной дозор», «Дневной дозор», «Адмиралъ» фильмдері);

1972 жылы ресейлік тележурналист, шоумен, «Первый канал» ААҚ арнайы жобалар студиясының бағдарламалар жүргізушісі, «StarHit» журналының бас редакторы және журналистика курстарының оқытушысы Андрей Малахов дүниеге келді.

11 қаңтарда Қазақстанда кімдер дүниеге келді

1947 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты және «Платин Тарлан» тәуелсіз сыйлығының иегері, қазақстандық театртанушы Әшірбек Сығай дүниеге келді;

1963 жылы кеңес және қазақ эстрада әншісі Мақпал Жүнісова дүниеге келді;

1965 жылы экономика ғылымының кандидаты, «Нұр Отан» партиясының хатшысы, бұрынғы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова дүниеге келді.

Ай күнтізбесі 

Ай Балықтар белгісінде орналасады. Осы айдағы ең қиын күндердің бірі. Өзгелермен қарым-қатынасты шектеп, эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз. Басшылықтың шешіміне қатысты кикілжіңдерден сақтаныңыз. Уәдеге сеніп қалмаңыз: белгілі бір себептерге байланысты орындалмай қалуы мүмкін. Ақыл-ойға қатысты істер де бүгін сәтті шықпайды.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/