атаулы күндер, тарихи оқиғалар, танымал есімдер

0

Бұл Григориан күнтізбесіндегі 5-ші күн. Жыл соңына дейін 360 күн қалды

5 қаңтар күні не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын дерекқорынан оқыңыз.

5 қаңтарда қандай қызықты оқиғалар болды?

Жыл сайын АҚШ тұрғындары 5 қаңтар күні экологиялық маңызы бар ұлттық құстар күнін атап өтеді. Құстар күніне арналған шараларға көптеген америкалық экологиялық ұйым мен қозғалыс қатысады. Олардың басты мақсаты — билік пен халықтың назарын жоғалып бара жатқан құстарды сақтап қалуға аудару. Аталған мереке кезінде тұрақты түрде Free Bird Photo Contest атты суреттер байқауы өтеді.

Сондай-ақ, бүгін халықаралық жеңілдену күні. Бұл мерекені бірнеше жыл бұрын мерекелік отырыстардан кейін ағзаны демалдыру үшін ойлап тапқан. Жаңа жыл мерекесі кезінде адамдар әдетте 3-5 килограмм салмақ қосып алады. Спортпен шұғылданып, қозғалысты жақсы көретіндер артық салмақтан қорықпайды. Алайда кеңсе қызметкерлері керісінше одан арыла алмай қиналады. Осы денедегі артық маймен күрес жүргізу мақсатында халықаралық жеңілдену күні енгізілді.

Сондай-ақ, бүгін әзіл-қалжың аралас мереке — сынған шаңғы күні. Спорттың мұндай түрлері қаншалықты маңызды екенін түсінетін әр адам бұл мерекені ерекше етіп өткізе алады. Бұл мерекеде жаңа шаңғы сатып алып қана қоймай, спорттың белсенді түрімен айналысуға болады.

5 қаңтарда болған тарихи оқиғалар

1731 жылы Мәскеуде алғашқы көше шамдары пайда болды;

1769 жылы Англияда бумен жүретін көлік патенттелді;

1809 жылы ағылшындар мен түріктер арасындағы соғысты тоқтатқан Дарданелль келісіміне қол қойылды;

1964 жылы Лондон метросы алғашқы болып билет бөгеуін қолдана бастады.

5 қаңтарда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1993 жылы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын «Ұлттық тестілеу орталығы» құрылды;

2009 жылы Нұрсұлтан Назарбаев «Кеден қызметіндегi ынтымастық және өзара көмек көрсету туралы Шанхай ұйымына мүше мемлекеттер үкiметтері арасындағы келiсiмдi ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды;

2009 жылы Қазақстанда биометриялық төлқұжаттар беріле бастады.

5 қаңтарда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

1932 жылы қоғам қайраткері, М. С. Горбачевтің әйелі Раиса Горбачева дүниеге келді;

1941 жылы танымал аниме-режиссерлердің бірі Хаяо Миядзаки дүние есігін ашты;

1953 жылы бокстан бірінші кеңес чемпионы Василий Соломин дүниеге келді;

1969 жылы америкалық рок-музыкашы Мэрилин Мэнсон туды.

5 қаңтарда Қазақстанда кімдер дүниеге келді

1914 жылы әнші, Қазақстанның халық әртісі Рәбиға Есімжанова туды;

1916 жылы ғалым, абайтанушы, педагог, профессор, жазушы, драматург, ақын, аудармашы Қайым Мұхамедханов өмірге келді;

1935 жылы қазақ ақыны, Қазақстанның халық жазушысы, республикалық «Тарлан» сыйлығының лауреаты, халықаралық «Азияс» сыйлығының иегері Қадыр Мырзалиев дүниеге келді;

1948 жылы Қаныш Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университеті қашықтан оқыту институтының директоры, техника ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы ұлттық инженерлік академиясының корреспондент мүшесі Жангелді Отарбаев дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Тауешкі белгісіне келіп тоқтайды. Бүгін ғарыш энергиясын бойға сіңіретін күн. Мақсаттастарыңызды тауып, керекті адамдармен қарым-қатынас орнататын кез келді. Балалық шақтағы достарыңызға хабарласыңыз. Өзіңізге мұқтаж жандарға көмектесіңіздер. Бұл күні адамдардың өмірін жақсы жаққа өзгертуге болады.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/