атаулы күндер, тарихи оқиғалар, танымал есімдер

0

Бұл – Григориан күнтізбесіндегі соңғы 365-ші күн.

31 желтоқсанда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен әйгілі екенін Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

31 желтоқсанда қандай қызықты оқиғалар болды

Ресейде бүгін Қаржы жылының аяқталуын атап өтеді. Қаржы жылы (бюджет жылы) күні – дәстүрге сай бюджет белгіленетін күн: белгілі бір тұлғаның (отбасы, бизнес, ұйым, мемлекет және тағы басқалары) кірісі мен шығындарының схемасы. Сонымен бірге фискалдық жыл деген атпен де белгілі, латын тілінде Fiscus – мемлекеттік қазына дегенді білдіреді. Әдетте қаржы жылы күнтізбемен сәйкес келмейді. Мысалы АҚШ-та қаржы жылы 1 қазаннан 30 қыркүйекке дейін, Жапонияда – 1 сәуірден 31 наурызға дейін, Финляндияда акционерлік қоғамдар үшін – жарғыға сәйкес белгіленеді. Ресейде қаржы жылы 1 қаңтардан басталып, 31 желтоқсанда аяқталады. Қаржы жылын бұлай санау КСРО-да 1931 жылы басталған: ол кезде шаруашылық жылы деген ұғым пайдаланылатын. 1920 жылдары КСРО-да шаруашылық жылы 1 қазаннан 30 қыркүйекке дейін созылатын, шаруашылық жылында ауыл шаруашылығы өндірісі циклін қамтуға тырысқан.

Сонымен бірге бүгін – Жаңа жыл қарсаңы. Мекемелер, ұйымдар мен кәсіпорындардың басым көпшілігінде жұмыс күні болса да, көптеген халық үшін ең сүйікті мереке. Барлық ірі мерекелік шаралар 31 желтоқсанда кешке басталады – мол дастархан жайылып, қонақтар шақырылады, бүкіл жерде мерекелік көңілкүй сезіледі. Мейрамханалар мен дәмханалар Жаңа жылды қарсы алуға келген қонақтарға айрықша бағдарлама әзірлеп, дәмді тағамдар ұсынады. Жаңа жыл қарсаңында Рождествоға дейінгі ұзақ қысқы каникул басталады. Бұл дәстүр жүздеген жылдан бері қалыптасқан, алғаш рет Петр І Жаңа жылды 1 қаңтардан бастап тойлауды енгізген болатын.

Сонымен бірге, бүгін – конфетти мен жылтыр төгілген соқпақ күні. Бүгін әрбір соқпақ ғажайып қасиетте кие, өйткені қайсы болмасын дәл бүгін бізді Жаңа жылға жетелейді! Барлық соқпақ өзінің ерекше маңызын түсініп, соған сай болуға тырысады. Назарыңыздан тыс қалмасын, олар бұл мерекеге сонша дайындалды емес пе! Үйден шығарда, өзіңіз де үлесіңізді қосыңыз: конфетти, жылтыр, кәмпит, кофе дәні, немесе шайдың самасын шашуға болады. Ең бастысы соқпақтың қайда апаратыны өз ниетіңізге байланысты екенін ұмытпаңыз!

31 желтоқсанда әлемде болған тарихи оқиғалар

1935 жылы алғашқы электр пойызы Балтық вокзалынан Красное Селоға аттанды;

1946 жылы Ұлыбритания және Франция әскерлерін Ливаннан шығару аяқталды;

1966 жылы Океаниядағы Санта-Крус британ аралдарында қуаты 8 балл жер сілкінісі болды;

1968 жылы Исландияның «Халықтық одақ» сайлау блогына енуіне байланысты елдің Бірыңғай социалистік партиясы қызметі тоқтатылды.

31 желтоқсанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1943 жылы Ертіс жағасындағы қалада алғашқы музыкалық балалар мекемесі – Құрманғазы атындағы Павлодар музыкалық мектебі ашылды;

1994 жылы академик З. Қабдоловқа «Қазақстанның Халық жазушысы» деген атақ берілді;

1994 жылы әнші Мақпал Жүнісоваға «Қазақстанның халық әртісі» атағы берілді;

1996 жылы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен «Шет елдерде тұрып жатқан отандастарымызды қолдау туралы мемлекеттік бағдарлама» күшіне енді.

31 желтоқсанда әлемде дүниеге келген тұлғалар

1933 жылы кеңестік және ресейлік театр және кино актері Семен Фарад дүниеге келді. РКФСР еңбек сіңірген әртісі (1991), Ресей Федерациясының Халық әртісі («Гараж», «Формула любви», «Чародеи» фильмдері);

1937 жылы британдық және америкалық театр және кино актері, кинрежиссер, композитор Энтони Хопкинс дүниеге келді. «Молчание ягнят», «Ганнибал» және «Қызыл айдаһар» фильмдеріндегі қанішер-каннибал доктор Ганнибал Лектордың образымен көпшілікке танымал.

1946 жылы кеңестік мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада ойындарының чемпионы (1976), әлемнің (1970-1974, 1976)  және Еуропаның (1970-1971, 1973-1976) алты дүркін чемпионы, КСРО-ның тоғыз дүркін чемпионы (1964-1966, 1969-1971, 1973-1975) Людмила Пахомова дүниеге келді. Виктор Рыжкин және Александр Горшковпен бірге жұп болып мәнерлеп сырғанаған. КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (1970). РКФСР спорт шебері (1984);

1948 жылы кеңестік және ресейлік тележүргізуші, «Аншлаг» бағдарламасының жүргізушісі Регина Дубовицкая дүниеге келді.

31 желтоқсанда Қазақстанда дүниеге келген тұлғалар

1913 жылы тарих ғылымының докторы, Қазақ ССР еңбек сіңірген жоғары мектеп қызметкері Әмір Қанапин Қанапияұлы дүниеге келді;

1925 жылы музыкатанушы, Қазақстан республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері Жиенбек Рсалдин дүниеге келді;

1951 жылы Республикалық неміс драма театрының актрисасы, труппа меңгерушісі, Театр қайраткерлері одағының мүшесі Лидия Ганн дүниеге келді.

         Ай күнтізбесі 

23-24-ші ай күні, Ай Сарышаян белгісінде орналасады. Бұл күн алға қойған нақты мақсаты бар адамдар үшін жемісті болмақ. Ай өзіне сенімді адамдарға қолдау көрсетіп, өмірде өз жолын тауып, тұрмысын реттеуге көмектеседі.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз