атаулы күндер, тарихи оқиғалар, танымал есімдер

0

Бұл Григориан күнтізбесіндегі 359-шы күн. Жыл соңына дейін 6 күн қалды

25 желтоқсанда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын дерекқорынан оқыңыз.

25 желтоқсанда қандай қызықты оқиғалар болды

Батыс христиандар бүгін Христос Рождествосын атап өтіп жатыр. Христиандар өмір сүретін барлық мемлекетте Рождество маңызды мереке болып саналады. Себебі бұл күні Вифлеемде Исус Христос дүниеге келген. Сондай-ақ, Рождество көптеген елде мемлекеттік мереке болып саналады. Рим империясында Сатурн құдайының құрметіне арнап 25 желтоқсан мереке күні болып жарияланғандықтан, бұл мерекені осы күні атап өту дәстүрге айналған. Яғни римдіктер үшін бұл мереке Рождество немесе Жаңа жыл іспеттес болған.

Сондай-ақ, бүгін — шыршаға ілетін ойыншық шарлар сыйлайтын күн. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында әртүрлі пішіндегі және түрлі-түсті шарларды дүкен сөрелерінен көптеп кездестіруге болады. Олай болса, шарларды ақ мақтаға орап, қорапқа салып, біз де жақындарымызды қуантайық.

Бұдан өзге бүгін жер шарындағы ежелгі мемлекеттердің бірі — Мозамбикте отбасы күні мерекесін атап өтіп жатыр. Мозамбик халқы үшін отбасыдан асқан құнды ешнәрсе жоқ.

25 желтоқсанда әлемде болған тарихи оқиғалар

336 жылы Римде Рождество мерекесі құжатпен ресми түрде расталды;

1946 жылы КСРО-да бірінші ядролық реактор жұмыс істей бастады;

1991 жылы кеңес одағы толықтай құлады;

1993 жылы Ресей Федерациясы конституциясы өз күшіне енді.

25 желтоқсанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

2006 жылы Алматы қаласында «Ахмет Жұбанов» фильмінің алғашқы көрсетілімі өтті;

2013 жылы Қазақстанда бірінші рет Атыраудағы драма театрда діни экстремизм проблемасын көтерген қойылым көрсетілді.

1995 жылы президент Нұрсұлтан Назарбаев конституциялық заң күші бар «Қазақстан Республикасындағы соттар мен судьялардың мәртебесі туралы» жарлыққа қол қойды.

25 желтоқсанда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

1899 жылы америкалық актер, «Оскар» жүлдесінің иегері Хамфри Богарт туды;

1958 жылы кеңес және Ресей музыкашысы, әндердің авторы, «Алиса» рок тобының лидері Константин Кинчев дүниеге келді;

1971 жылы ресейлік актер Владислав Галкин туды;

1976 жылы нидерландтық музыкалық продюсер және диджей Армин ван Бюрен дүние есігін ашты.

25 желтоқсанда Қазақстанда кімдер дүниеге келді

1889 жылы мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының мүшесі, журналист, ХХ ғасырдағы қазақ инттелигенциясының өкілі Мұстафа Шоқай туды;

1908 жылы жазушы, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты Хамза Есенжанов дүниеге келді;

1939 жылы Қазақстан Республикасы мемлекеттік жүлдесінің лауреаты, Қазақстан Республикасының халық жазушысы Фариза Оңғарсынова дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Арыстан белгісіне келіп тоқтайды. Ақшаның есепті жақсы көретінін ұмытпаңыз. Бүгін ақшаны орынсыз жұмсап, керек емес заттар сатып аласыз. Мүмкіндігінше өзіңізді қолға алуға тырысыңыз.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/