атаулы күндер, тарихи оқиғалар, танымал есімдер

0

Бұл – Григориан күнтізбесіндегі 205-ші күн, жыл соңына дейін 160 күн бар

24 шілдеде не болғанын білесіз бе? Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

24 шілдеде қандай қызықты оқиға болды 

Бүгін гүлмен әрлеуші (флорист) күні аталып өтеді. Гүлмен әрлеушіні ғажайып әрі романтикалық мамандықтардың қатарына жатқызуға болады. Жұмыс уақытыңды түрлі-түсті өсімдіктердің арасында өткізіп, секунд сайын хош иістен ләззат аласың – бұдан артық не керек? Король лалагүлдері, патша раушандары, қарапайым шегіргүлдер, нәзік қызғалдақтар немесе үлпілдек жұлдызгүлдер – табиғат байлығы флористерге жұмыс істеуге қаншама мүмкіндік ашып отыр десеңші! Олар тірі гүлдермен ғана жұмыс істемейді. Композицияларға, гүлдер мен букеттерге кептірілген өсімдіктер, қызықты аксессуарлар, табиғи материалдар, маталар мен бижутериялар да қолданылады. Мұның бәрі шебердің қолында бірігіп, көздің жауын алатын гүл жауһарларына айналады.

Ресейде бүгін Кадастрлық инженер күні – бірнеше мамандықты біріктіре білетін мамандардың мерекесі аталып өтеді. Кадастрлық инженер техникалық түгендеу және жылжымайтын мүлік нысандарының техникалық жоспарларын жасау, жер учаскелерінің шекарасын анықтау және межелік жоспарларды дайындау жұмыстарын атқара отырып, бір уақытта заңгер, геодезист, жерге орналастырушы және бағалаушы бола алады. Кадастрлық жұмыстарды орындаушылар 2008 жылы «Кадастрлық инженерлер» кммерциялық емес серіктестік өзін-өзі реттеуші ұйымы Ресейде Кадастрлық инженерлер күнін белгілеу бастамасын көтерген кезде өз мамандығы күнін атап өту мүмкіндігіне ие болды. Бұл дата 2007 жылдың 24 шілдесінде «Мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры туралы» заңның қабылдануына байланысты таңдалды.

Сондай-ақ бүгін – Ерігіш кофенің туған күні. Ерігіш кофе 1938 жылдың 24 шілдесінде пайда болды деп есептеледі. Дәл осы күні әйгілі швейцариялық химик Макс Моргеншталер бұл өнертабысты көпшілікке ұсынды. Сарапшыларға дәм ұнамады, екінші дүниежүзілік соғысқа дейін жаңалық тұтынушылар арасында еш сұранысқа ие болған жоқ. Соғыс кезінде жертасада (окоп) жатқан америкалық сарбаздар алғаш рет сусынға лайықты бағасын берді, олар бұл кофені дайындау тәсілі қарапайым әрі сергітетін қасиеті бар екеніне көз жеткізген. Бейбіт өмірге оралған әскерилер өмірін ерігіш кофесіз елестете алмады. Ерігіш кофе ащы табиғи кофенің тұнбасынан жасалады. Алдымен сұйықтық сүзіледі, содан кейін камераларда инертті газдармен тозаңға айналдырылады. Нәтижесінде ашық қоңыр түсті ұнтақ алынады – бұл кофе. Ұнтақ тіпті суық суда да ериді. Оған дәміне қарай қант, сүт, кілегей қосуға болады. Кейбіреулер лимон, коньяк қосып жатады.

24 шілдеде әлемде болған тарихи оқиғалар

1851 жылы Британияда терезелерге салынатын салық алынып тасталды;

1949 жылы неміс жазушысы Томас Манн 16 жылдық қуғыннан кейін Германияға оралды;

1960 жылы Иерусалим маңынан киелі Гидеон қаласының қирандылары табылды;

1981 жылы Италияда барлық масондар ложасы мен жасырын қоғамдарға тыйым салынды.

24 шілдеде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1824 жылы Оралда Орынбор шекара басқармасының жоғары лауазымды тұлғаларының қатысуымен Жәңгір хан болып жарияланды;

1993 жылы Павлодарда ұзындығы 841 километр болатын Павлодар-Семей-Өскемен мұнай құбырының құрылысы басталды;

2007 жылы Павлодарда қазақтың кәсіпқой халық аспаптар оркестрі құрылды; 

2009 жылы Атырауда Хиуаз Доспанова атындағы жаңа заманауи мұз айдыны сарайы пайдалануға берілді;

2014 жылы 10 адамнан тұратын қазақстандықтар тобы Шоқан Уәлиханов бағыты бойынша экспедицияға шықты.

24 шілдеде дүниеге келген танымал тұлғалар

1901 жылы кеңестік театр және кино актері, режиссер, көркем сөз оқу шебері Игорь Ильинский дүниеге келді. КСРО халық әртісі (1949). Социалистік Еңбек Ері (1974). Үш рет Бірінші дәрежелі Сталин сыйлығының иегері (1941, 1942, 1951);

1969 жылы америкалық актриса және әнші Дженнифер Лопес дүниеге келді. Дженнифер Лопестің алғаш рет «Селена» фильмінде басты рөлді сомдады, ол «Алтын глобус» сыйлығына ұсынылды. 

1977 жылы Ресей опера әншісі (меццо-сопрано), тележүргізуші, саясаткер, Мария Максакова дүниеге келді. VI шақырылымдағы РФ Мемлекеттік думасының депутаты;

1985 жылы канадалық хоккейші, әлем чемпионы, екі дүркін Олимпиада чемпионы Патрис Бержерон дүниеге келді.

24 шілдеде Қазақстанда кім туды   

1858 жылы қазақ ақыны, ойшыл, композитор, аудармашы, XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті тарихындағы ірі тұлғалардың бірі Шәкәрім Құдайбердіұлы дүниеге келді; 

1940 жылы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Геннадий Балаев дүниеге келді;

1941 жылы суретші, график, мультипликатор, кітап иллюстраторы Елена Бесейбинова дүниеге келді;

1961 жылы ауыр атлетикадан белгілі бапкер Алексей Ни дүниеге келді; 

1966 жылы шахматшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, көзі нашар көретіндер арасында әлем чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Мұрат Жүнісов дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Тоқты белгісінде болады. Күнді шығармашылыққа, отбасыңызға арнаңыз. Мұқият және байсалды болыңыз, басқалардың да қамын ойлаңыз, бірақ босаңсып кетпеңіз. Бұл кезең іскерлік келіссөздер үшін қолайлы – айналаңыздағы адамдармен тез тіл табыса аласыз. Бүгін мейірімділік пен жанашырлық өте қажет.



sputniknews.kz