атаулы күндер, тарихи оқиғалар, қызықты деректер

0

Бұл – Григориан күнтізбесінде 19-шы күн. Жыл соңына дейін 346 күн бар

19 қаңтарда не болғанын білесіз бе? Бұл күннің несімен есте қалғанын дерекқорынан оқыңыз.

19 қаңтарда әлемде қандай қызықты оқиға болды:     

Бүгін Беларусь Республикасында Құтқарушы күні аталып өтеді. Беларусьте бұл мереке құтқарушылардың ерен еңбегін мойындаудың белгісі ретінде 1998 жылдың 26 наурызында Беларусь Республикасы президентінің жарлығымен құрылды. Ол бұл елде жыл сайын 19 ақпанда – Шоқындыру мерекесінде аталып өтеді. Бүгінде беларусь құтқару қызметінің құрамында 6 мыңнан астам әскери техника және мыңға жуық әскери бөлім бар. Беларусь Төтенше жағдайлар министрлігінде қазіргі таңда 17 түрлі арнайы қызмет, оның ішінде апаттан құтқару жұмыстары қызметі, радиациялық және химиялық қауіпсіздік қызметі, өрт сөндіру, сүңгуір, инженерлік жұмыстар, іздеу және құтқару, авиациялық, медициналық, парашюттік-десанттық, жарылыс-техникалық және тағы басқа қызметтер жұмыс істейді.

 Сондай-ақ бұл күні Америка Құрама Штаттары 1861-1865 жылдардағы Азаматтық соғыс кезінде оңтүстік конфедерациялар әскеріне басшылық еткен Американың атақты қолбасшыларының бірі Роберт Эдуард Лидің туған күнін атап өтеді. Оның талантының арқасында ол кезде өнеркәсіп пен армияны қамтамасыз ететін мүмкіндігі болмаған Оңтүстік Америка солтүстікті бірнеше мәрте күйрете жеңген. Бұл мереке әр жолы қаңтар айының үшінші жексенбісінде Миссисипи және Алабама штаттарында аталып өтеді.

Бонайреде (Нидерландыға қарасты арал) өте маңызды мереке – Карнавалдан кейінгі демалыс күні аталып өтеді. Карнавалда әбден діңкесі құрыған Бонайре халқы келесі күні жаңа карнавалға жаңа күшпен бару үшін заңды демалысын алады.  

Сонымен қатар бүгін – Апельсин ертегілері күні. Апельсин көңіл-күйді көтеріп, иммунитетті күшейтетіні құпия емес. Қыс ертегі тыңдап, осы бір ғажайып жеміспен денсаулыққа күтім жасауға таптырмас мезгіл! 

19 қаңтарда әлемде болған тарихи оқиғалар: 

1825 жылы АҚШ-та тамақ өнімдерін сақтауға арналған консерві банкасы патенттелді;

1938 жылы «General Motors» америкалық фирмасы әлемде алғаш рет дизельдік қозғалтқыштарды шығара бастады;

1955 жылы АҚШ-та әлемдегі алғашқы телевизиялық баспасөз конференциясы өткізілді;

1966 жылы Индира Ганди Үндістанның премьер-министрі болды;

2001 жылы Бельгияда марихуананы пайдалануға және сақтауға рұқсат берілді. 

19 қаңтарда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар:  

2011 жылы ҚР президенті «Назарбаев Университеті», «Назарбаев зияткерлік мектебі» мен «Назарбаев қорының» мәртебесі туралы» ҚР Заңына қол қойды;

2011 жылы Талдықорған қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан этносаралық қатынастар саласындағы жетекші журналистер мен сарапшылар клубы құрылды;

2012 жылы Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде сайлау қорытындысы бойынша қазақстандық Марат Сәрсенбаев БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитетінің құрамына сайланды. 

19 қаңтарда дүниеге келген танымал тұлғалар:   

1736 жылы шотланд инженері және өнертапқыш  Джеймc Уатт дүниеге келді;

1809 жылы америкалық жазушы, ақын, эссеист, әдебиет сыншысы және редактор, америкалық романтизмнің өкілі Эдгар По дүниеге келді;

1903 жылы кеңестік балалар жазушысы, ақын және аудармашы Наталья Кончаловская дүниеге келді. Ақын Сергей Михалковтың әйелі;

1963 жылы кеңестік және ресейлік байкер, Ресей байкерлер клубының президенті Александр Залдостанов дүниеге келді;

1988 жылы ресейлік музыкант және актер, режиссер, БҰҰ-ның ізгі ниетті елшісі, «Лед и пламень» жобасының жеңімпазы, 2011 жылғы «Евровидение»  байқауындағы Ресей өкілі Алексей Воробьев дүниеге келді. 

19 қаңтарда Қазақстанда кім дүниеге келді: 

1917 жылы Ұлы Отан соғысының қатысушысы, 152-гвардиялық танкіге қарсы шабуылдаушы артиллериялық полктың қару көздеушісі, Кеңес Одағының Батыры (1945) Мұқатай Әбеулов дүниеге келді; 

1966 жылы Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары   Мүсілім Алтынбаев дүниеге келді; 

1981 жылы жеңіл атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері,  Азияның, Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы, жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының рекордсмені Евгений Мелешенко дүниеге келді.

Ай күнтізбесі  

Ай Шаяндар белгісінде орналасады. Бұл күні өзіңді ретке келтіріп, өмір ырғағына сай әрекет ету керек. Сіз алдыма дұрыс мақсат қойдым ба деген сұраққа жауап тауып, әрі қарай не істеу керектігін түсінесіз. Арман-тілектеріңізді орындауға тырысыңыз.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/