атаулы күндер, танымал тұлғалар, тарихи оқиғалар
Бұл – Григориан күнтізбесі бойынша 109-шы күн. Жыл соңына дейін 256 күн қалды
19 сәуірде не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің қалай есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.
19 сәуірде қандай қызықты оқиға болды
Бүгін әлемде дәстүрге сай әдемі көктем мерекесі – Бәйшешек күні аталып өтеді. Бұл мерекенің тарихы Англияда 1984 жылы басталды. Климаттық зонаға байланысты әлемнің әр түкпірінде бәйшешектер қаңтардан бастап сәуір айына дейін гүлдейді. Қар жамылғысы астынан бәйшешек қылтиып көрінгенде, көктем келгенін шынайы сезінеміз. Бұл аппақ гүлдер көктем шуағын, сылдырап аққан бұлақ суының тамшысын білдіреді. Бәйшешекке әр тілде әдемі атау берілген: ағылшын тілді елдерде – «Қар тамшысы», Чехияда — «Қар қиыршығы», Германияда «Қар қоңырауы» деп аталады. Ұлыбританияда бәйшешектер сәуір айының ортасында гүлдейді, сол себепті мереке дәл бүгін тойланады.
Сонымен бірге бүгін көңілді мереке – Велосипед күні аталып өтеді. Бұл мейрам химик ғалым Альберт Хофманды еске алуға арналған, ол екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ЛСД дозасын ішіп алып, велосипедке отырып, сапарға аттанған еді. Көңілді мерекені достармен бірге атап өткен жөн – велосипедпен жақын маңайды айналып, көктем шуағына бөленгенге не жетсін.
Америкалықтар бүгін ерекше мерекені тойлайды – Сарымсақ күні. Бұл көкөністі әзілдеп сасық раушан деп те атайды. Бұл сөздің де жаны бар, себебі сарымсақ лала тұқымдастар қатарына жатады. Емдік пайдасы мол өсімдік жайлы алғаш рет біздің дәуірімізге дейінгі төртінші мыңжылдықта шумер саз тақтайшаларында жазылған. Сарымсақ кез келген тағамның дәмін келтіреді әрі емдік қасиеті де күшті. Сарымсақтың адам иммунитетін жақсартатыны ежелден белгілі. Америкалық ғалымдар жақында анықтағандай, бұл өнімді тамаққа жиі пйдалану асқазан және тік ішек қатерлі ісігінің алдын алады. Бұдан бөлек, сарымсақ жүрек және қан тамырын түрлі дерттен қорғап, холестерин деңгейін реттейді.
19 сәуірде әлемде болған тарихи оқиғалар
1850 жылы Англия мен АҚШ Панама арнасын бірігіп салу туралы келісімге қол қойды (кейінірек АҚШ арнаны өз күшімен салуға шешім қабылдады);
1897 жылы алғаш рет Бостон марафоны өткізілді;
1903 жылы еврлейлерді қырып-жойған «Кишинев қырғыны» басталды ( 21 сәуірге дейін созылды);
1919 жылы Лесли Лерой Ирвин алғаш рет аэропланнан секіріп, парашютпен жерге қонды.
19 сәуірде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1735 жылы Орынбор қаласының негізі қаланды. Ол 1920-1925 жылдары Қазақстанның астанасы болған;
1960 жылы Бұқтырма су қоймасына су толтырыла басталды;
2005 жылы Өскеменде алғашқы қазақстандық экологиялық музей ашылды;
2014 жылы Өскемен қаласында Мұхтар Әуезовтің құрметіне мемориалдық тас ашылды.
19 сәуірде дүниеге келген танымал тұлғалар
1961 жылы ресейлік әнші, рок музыкант Анна Герасимова (Умка) дүниеге келді. «Умка и Броневик» тобының әншісі;
1978 жылы америкалық актер әрі режиссер Джеймс Эдвард Франко дүниеге келді. Танымал фильмдері «Человек паук», «Джеймс Дин», «Храви Милк» және тағы басқалары;
1978 жылы ресейлік әзіл-ысқақ жанрындағы актриса, телепродюсер, «Comedy Woman» тележобасының авторы әрі қатысушысы Наталья Еприкян (Наталья Андреевна) дүниеге келді;
1979 жылы америкалық актриса, кинорежиссер Кейт Хадсон дүниеге келді. Комедиялық актриса Голди Хоунның қызы. («Война невест», «Ключ от всех дверей», «Жених на прокат»фильмдері);
1987 жылы ресейлік теннисші, еңбек сіңірген спорт шебері Мария Шарапова дүниеге келді.
19 сәуірде Қазақстанда кімдер дүниеге келді
1931 жылы анатом, медицина ғылымының докторы, профессор Алшынбай Рақышев дүниеге келді;
1948 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері Светлана Жалмағанбетова дүниеге келді;
1955 жылы пианист Жәния Әубәкірова дүниеге келді;
1973 жылы әнші және домбырашы Нұржан Жанпейісов дүниеге келді.
Ай күнтізбесі
Ай Таразы белгісінде орналасады. Бүгін көңіліңіз ерекше дүниелерге ауады, сезімге ерік беріп, жүрегіңіз дауаламаған істі қолға алыңыз. Кейде аздап тентектік жасауға болады, онда тұрған ештеңе жоқ. Керісінше, бой жазып, сергіп қаласыз. Жаңа идеялар туындауы мүмкін.
sputniknews.kz