атаулы күндер, танымал есімдер, тарихи оқиғалар

0

Бұл григориан күнтізбесінде 194-ші күн. Жыл соңына дейін 171 күн бар 

13 шілдеде не болғанын білесіз бе? Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

13 шілдеде қандай қызықты оқиға болды

Бүгін – ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлері күні. 1992 жылы 13 шілдеде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) құрылды. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті және оның құрамына департаменттер мен өзге де құрылымдық бөлімшелер, ҰҚК-нің облыстар бойынша, республикалық маңызды бар қала мен аймақтық органдары, оларға бағынышты қалалық және аудандық басқармалар, әрі әскери контрбарлау, ҰҚК-ның «Барлау» қызметі, ҰҚК-нің шекара қызметі, арнайы мақсаттағы құрылымдар, ғылыми-зерттеу мекемелері, өзге де ұйымдармен қатар Алматыдағы ҰҚК академиясы және ҚР ҰҚК-нің әскери институты кіреді;

Бұл күні Черногория мемлекеттілігі күні тойланады. 1878 жылы Берлин конгресінде Черногория әлемнің 27-тәуелсіз мемлекеті ретінде танылды.

Бүгін АҚШ-та ұлттық картофель фри күні мерекеленеді. Бельгиялықтар картофель фриді өздерінің ұлттық тағамы санайды. Олар «бұл тағамды француздар бізден ұрлап алды» деген пікірде.

13 шілдеде әлемде болған тарихи оқиғалар

1837 жылы Ұлыбритания ханшайымы Виктория Букингем сарайына көшіп келді. Кейін бұл сарай Ұлыбритания корольдерінің негізгі резиденциясына айналды;

1897 жылы Гульельмо Маркони радиоға патент алды;

1908 жылы Лондонда IV Олимпиада ойындары ашылды. Оған алғаш рет әйелдер қатысты;

1923 жылы АҚШ-тың Лос-Анжелес қаласындағы Маунт-Ли тауының бөктерінде Hollywood жазуы пайда болды;

1930 жылы спорт тарихында алғаш рет футболдан әлем чемпионаты Уругвайда өтті. Бұл жарыста Уругвай құрамасы жеңіске жетіп, футбол тарихында тұңғыш рет әлем чемпионы атағына ие болды;

1938 жылы АҚШ-тың Бостон қаласында алғаш рет телетеатр ашылды;

1949 жылы Рим папасы Пий XII коммунистік партияның қатарына кіріп, оны қолдаған азаматтар шіркеуден аластатылатынын мәлім етті;

1973 жылы әлемге әйгілі ұлыбританиялық Queen тобы алғашқы альбомын жарыққа шығарды;

1985 жылы Лондон және Филадельфия (АҚШ) қалаларында бір уақытта Африкада аштықтан зардап шеккен халықтарға көмек көрсету мақсатында Live Aid концерті ұйымдастырылды.

13 шілдеде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1922 жылы Қазақ атқару комитетінің III сессиясында прокурорлық қадағалау және адвокатура туралы ережелері қабылданды. Осылайша, РСФСР қылмыстық кодексінің қалың малға, мал ұрлығына тыйым салуға, адам етін жеуді аяусыз жазалауға қатысты IX бөліміне толықтырылулар енгізілді;

1995 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Алматы қаласында Тәуелсіздік ескерткішін орнату туралы» қаулысы қабылданды;

2015 жылы «Қазпошта» АҚ интернет-дүкендерден пошта тарифтерін онлайн режимде үздіксіз қабылдай алатын API модуль жасап шығарды;

2017 жылы Астанада ҚР қарулы күштерінің әскери-тарихи музейінің залында «Алтын адамның» көшірмесі, Жамбыл Жабаевтың домбырасы мен жеке заттары, Балпық бидің дулығасы және өзге де құнды экспонаттар қойылды.

13 шілдеде туған танымал тұлғалар

1923 жылы кеңес және ресей кино және театр әртісі, КСРО-ның халық әртісі (1988) Михаил Пуговкин дүниеге келді;

1942 жылы АҚШ әртісі Харрисон Форд дүниеге келді;

1944 жылы кеңес және Ресей кино және театр әртісі, педагог, профессор, РФ халық әртісі (2002) Борис Клюев дүниеге келді;

1969 жылы украиналық жазушы, журналист, тележүргізуші Олесь Бузина дүниеге келді.

13 шілдеде Қазақстанда кімдер туды

1950 жылы жазушы Әлібек Көбентаев дүниеге келді;

1967 жылы публицист, журналист Нұрлан Қалқа дүниеге келді;

1971 жылы тележүргізуші, телепродюсер, Медиа стандарт институтының негізін қалаушы Ержан Сүлейменов дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Мерген белгісінде орналасады. Бүгін атқарар жұмысыңыз көп екенін істен шығармаңыз. Бойыңыздағы күш-қуатыңыз бұл істерді тындыруға жетпеуі мүмкін. Сондықтан жүрек жалғап, тынығып алыңыз. Адамдардың сіз туралы не ойлағаны маңызды емес.



sputniknews.kz