атаулы күндер, танымал есімдер, тарихи оқиғалар

0

Бұл – Григориан күнтізбесінде 186-шы күн, жыл соңына дейін 179 күн бар

5 шілдеде не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

5 шілдеде қандай айтулы оқиға болды

Бүгін – халықаралық Днепр күні. Днепр өзені Ресей, Белоруссия және Украина елдері арқылы өтеді. Мереке 2003 жылдан бастап шілде айының алғашқы сенбісінде аталып өтетін болды. Бұл – бассейнінің аумағы бойынша Еуропадағы үшінші өзен. Алашқы орында Еділ мен Дунай. Днепрдің ұзындығы 2285 шақырымдай болады. Ал бассейнінің жалпы аумағы 504 мың шаршы шақырым. Бұл өзен Украина халқының 70 процентін сумен қамтамасыз етіп отыр. Днепрдің 595 шақырымы Белоруссия аумағымен өтеді. Қалған 485 километрі Ресейге тиесілі.

5 шілдеде Армения Конституция күнін атап өтеді. Мерекеде армян халқы жұмыс істемейді, түрлі мерекелік шаралар ұйымдастырылады. Негізгі заңның жобасы 1995 жылы 5 шілдеде қабылданған. 

Бүгін – халықаралық бикини күні тойланады. Оның пайда болуы есте қаларлық жайт болды. Нәзікжандылардың тек бірен-сараны ғана мұндай ашық киім киюге батылы жеткен. Бикини кигендерге айыппұл салынып, жұрттың сөзіне қалатын. Кейбір ұйымдар тіпті бұл киімге тыйым салуды талап етті. Бриджит Бардо басты рөлді сомдаған «И Бог создал женщину» фильмінен кейін ғана бұл киімге рұқсат етілді. Қазір ол жағажай сәніне айналып отыр. 

5 шілдеде әлемде болған тарихи оқиғалар

1811 жылы Венесуэла Оңтүстік Америкада тәуелсіздігін жариялаған алғашқы испан колониясы болды;

1841 жылы ағылшын Томас Кук өзінің алғашқы туристік агенттігін ашты;  

1954 жылы BBC (Би-Би-Си) жаңалықтарының алғашқы телевизиялық шығарылымы көрерменге ұсынылды. Жүргізушісі Ричард Бейкер 28 жыл бойы жаңалық оқып, рекорд орнатты;

1994 жылы Қытайда балалар еңбегін пайдалануға тыйым салынды.

5 шілдеде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1961 жылы Жетібайда №6 ұңғымадан қуатты мұнай фонтаны атқылады. Бұл Маңғыстау мұнайының ашылған жылы болып саналады;

1992 жылы Орал қаласында қазақ драмалық театры ашылды;  

2010 жылы астанада Елорда күніне орайластырылып  «Ханшатыр» сауда ойын-сауық кешенінің салтанатты ашылуы болып өтті. Оған Қазақстан, Армения, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Украина президенттері қатысты. 

5 шілдеде дүниеге келген танымал тұлғалар

1857 жылы әйел құқығын қорғаумен айналысқан неміс саясаткері Клара Цеткин дүниеге келді;

1936 жылы америкалық актриса Ширли Найт дүниеге келді;

1974 жылы ресейлік теле және радиожүргізуші, әнші, актриса Тутта Ларсен дүниеге келді;

1975 жылы аргентиналық футболшы, әлемдегі үздік футболшылар тізіміне енген Эрнан Креспо дүниеге келді.

5 шілдеде Қазақстанда кім туды

1941 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, техника ғылымдарының кандидаты Пернехан Ермекбаев дүниеге келді;

1946 жылы журналист, жазушы, Қазақстан жазушылар одағының, Журналистер одағының мүшесі, Қазақстанның мәдениет қайраткері Сәлім Меңдібаев дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Арыстан белгісінде орналасады. Бұл күні сіз ойлаған мақсатыңызға жетесіз. Алайда барлық жетістігіңізді паш етуге асықпаңыз. Айналаңызда сізді көре алмайтын адамдар болуы мүмкін. Мақсатыңызды айқындап, соған қарай қадам жасаңыз. 



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз