атаулы күндер, танымал есімдер, тарихи оқиғалар

0

Бұл – Григориан күнтізбесінде 172-ші күн, жыл соңына дейін 193 күн бар

21 маусымда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

21 маусымда қандай айтулы оқиға болды

Бүгін әлемде Халықаралық йога күні аталып өтеді. Бұл мереке БҰҰ-ның күнтізбесінде Үндістанның бастамасымен пайда болған. Өйткені йога дәл осы елден шықты. Ол тек физикалық қана емес, пәлсапалық ойға толы спорт түрі. Жай ғана спорт емес, өмір салты. Йогаға қызығушылық танытушылардың саны жылдан-жылға ұлғайып келеді. Ол адамзаттың материалдық емес мұрасы саналады. Йога — дене мен жан дүниенің үйлесімі. Ол адамды денсаулығына мұқият қарауға, қоршаған ортамен үйлесімділікте болуға тәрбиелейді. Мереке үшін 21 маусымның таңдалуы да тегіннен емес. Бұл — жылдағы ең ұзақ жарық күн. Сондықтан көптеген халық оның киелі екеніне сенеді.

Сондай-ақ, бүгін халықаралық гүл күні. Маусым айында айналамыз түрлі-түсті болып, гүлдене бастайды. Гүлдерге бағзы заманнан бері ерекше көңіл бөлінген. Алайда бұл мерекені кім және қашан ойлап тапқаны белгісіз. Әр елде өзінің мән-мағынасы бар. Негізінен, бұл күні гүлдер шеруі, флористер байқауы мен түрлі фестивальдер ұйымдастырылады.

21 маусымда скейтборд күні де аталып өтеді. Скейтерлердің ресми мейрамы барша әлемде тойланады. 1958 жылы АҚШ-та қазіргі скейтбордтың алғашқы прототипі пайда болды. Тақтайша басында төртбұрыш болатын. Біраз уақыттан соң Ричард Стивенсон оны біраз майыстыру керек екенін түсінген. Сол күйінде скейтборд қазіргі кезге дейін жетіп отыр. Мереке күні скейтборд тебетіндер көшелерге шығады.

21 маусымда әлемде болған тарихи оқиғалар

1893 жылы Чикагода қаланы тамашалауға арналған әлемдегі тұңғыш «шайтан дөңгелегі» пайда болды;

1915 жылы суретші Казимир Малевич өзінің әйгілі «Қара квадрат» туындысын жазды;

1975 жылы Стивен Спилбергтің Jaws фильмі АҚШ экрандарына жол тартты;  

2004 жылы әлемдегі жеке басқаруға арналған SpaceShipOne кемесі ғарышқа шықты.

21 маусымда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1824 жылы Қарағанды облысындағы Қарқаралы қаласының негізі қаланды;  

1918 жылы «Жетісу» газетінің алғашқы саны жарық көрді. Басылым қазақ, ұйғыр, дүңген, өзбек және татар тілдерінде шығатын.

1940 жылы академик Қаныш Сәтбаев атындағы геологиялық зерттеулер институты құрылды.

21 маусымда дүниеге келген танымал тұлғалар

1921 жылы америкалық актриса Джейн Расселл дүниеге келді;

1935 жылы француздық жазушы, драматург Франсуаза Саган дүниеге келді. Ол әдебиет саласына қосқан үлесі үшін Монако князінің сыйлығына ие болған;

1962 жылы рок-музыкант, әндер авторы, суретші Виктор Цой дүниеге келді. Ол «Кино» рок тобының негізін қалаған;  

1982 жылы Уильям ханзада дүниеге келді. Ол британдық тақтың екінші мұрагері.

21 маусымда Қазақстанда кім туды

1949 жылы суретші, ҚР суретшілер одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Мәжит Бәйтенов дүниеге келді;

1956 жылы белгілі қазақстандық гитарашы, композитор Болат Сыздықов дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Суқұйғыш белгісінде болады. Бүгін сезімге емес, ақылға сеніңіз. Жаңа іс бастамаған жөн. Одан да бұған дейін бастаған істеріңізді аяқтаңыз. Бұл күні өміріңіз үшін маңызды шешім қабылдауға асықпаңыз.



sputniknews.kz