Home Жаңалықтар атаулы күндер, танымал есімдер, тарихи оқиғалар

атаулы күндер, танымал есімдер, тарихи оқиғалар

0
90

Бұл – Григориан күнтізбесінде 171-ші күн, жыл соңына дейін 194 күн бар

20 маусымда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

20 маусымда қандай айтулы оқиға болды

Бүгін – Дүниежүзілік босқындар күні. БҰҰ-ның шешімі бойынша Африка босқындарының күнімен қатар аталып өтеді.

Ал Ресейде жыл сайын мина-торпеда қызметінің кәсіби мейрамы тойланады. Бұл қызмет әскери теңіз флотына жатады. Мейрамды атап өту 1996 жылы ресми түрде бекітілген.

Аргентинада Мемлекеттік ту күні аталып өтеді. Аргентина – Оңтүстік Американың оңтүстік-шығысында орналасқан мемлекет. Астанасы – Буэнос-Айрес қаласы. Ресми тілі – испан тілі, сонымен қатар ағылшын және итальян тілдері де кеңінен қолданылады. Ақша бірлігі – архентино.

Сондай-ақ, бүгін – Халықаралық зообақтардағы пілдерді қорғау күні. Бұл мерекені атап өту туралы бастаманы 2009 жылы «Жануарларды қорғау» ұйымы (IDA) көтерді.

Бұдан бөлек, бүгін бүкіл әлемде Халықаралық Wi-Fi күні аталып өтеді. Осы жаһандық бастама цифрлық теңсіздікті жоюды көздейді. Себебі ғаламтор арқылы халықтың білімін ғана емес, компьютелік сауатталығын арттырып, сондай-ақ, көзқарасын кеңейтуге болады. Бүгінде әрбір мемлекеттің экономикалық дамуы цифрлық әлеуетке тікелей байланысты.

20 маусымда әлемде болған тарихи оқиғалар

1840 жылы Сэмюэл Морзе телеграфтың патентін алды;

1934 жылы Лондондағы Ватерлоо көпірі саудаға шығарылды;

1967 жылы Мұхаммед Әли әскерге бармағаны үшін Хьюстон сотының шешімімен бес жылға сотталды. Оған қоса, былғары қолғап шеберіне 10 000 доллар көлемінде айыппұл салынды;

1993 жылы Ла-Манштың астымен өтетін Евротоннель арқылы алғаш рет теміржол рейсі жіберілді.

20 маусымда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1878 жылы шаруаларға жер беру мәселесімен айналысатын Ақмола меже партиясы құрылды;

1925 жылы КСРО Мемлекеттік банкінің Қазақ өлкелік кеңсесі ашылды;

1930 жылы «Жоғарғы Марианна» көмір қабаты бойынша бірінші Қарағанды шахтасының құрылысы басталды;

1991 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің «Қазақ КСР Ұлттық мемлекеттік банкінің жарғысы туралы» қаулысы қабылданды;

1992 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан кәсіпкерлерінің алғашқы форумы өтті;

1992 жылы Қазақстан Республикасы Түркі мәдениеті және өнері мәселелері жөніндегі бірлескен комитет мүшесі атанды;

1992 жылы Алматыдан Үрімжіге алғашқы халықаралық темір жол қатынасы ашылып, бірінші жолаушылар пойызы жолға шықты;

2000 жылы Астана (қазір Нұр-Сұлтан) әкімдігі мен Мәскеу үкіметі экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени шараларға байланысты келісімге қол қойды;

2003 жылы еліміздегі жер реформасының маңызды актісі Қазақстан Республикасының жаңа Жер кодексі қабылданды;

2013 жылы белгілі қазақстандық әнші, композитор, «Үркер» тобының негізін қалаушы Айдос Сағат БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі агенттігінің Қазақстандағы алғашқы ерікті елшісі атанды;

2014 жылы «KazEOSat-2» қазақстандық жер серігі орбитадан алғаш рет телеметрикалық ақпарат берді;

2017 жылы режиссер Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» фильмі Нью-Йорктегі кинофестивальде үздік көркем фильм атанды.

20 маусымда дүниеге келген танымал тұлғалар

1932 жылы танымал ақын, аудармашы Роберт Рождественский дүниеге келді;

1937 жылы зоолог ғалым, профессор, «В мире животных» бағдарламасының жүргізушісі Николай Дроздов дүниеге келді;

1949 жылы АҚШ әншісі, саксофоншы, пианист Лайонел Ричи дүниеге келді;

1967 жылы «Оскар» мен «Алтын глобустың» иегері, австралиялық актриса Николь Кидман дүниеге келді.

20 маусымда Қазақстанда кім туды

1905 жылы хирург-онколог, медицина ғылымдарының докторы, профессор Ақырым Ыдырысов дүниеге келді;

1915 жылы Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстанның халық әртісі Мақпир Бақиев дүниеге келді;

1952 жылы Қазақстанның мемлекет және саяси қайраткері, академик Жұматай Әлиев дүниеге келді;

1955 жылы  Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының қоюшы-режиссері Болат  Қалымбетов дүниеге келді;

1956 жылы Конституциялық кеңестің мүшесі Рахмет Мұқашев дүниеге келді;

1972 жылы Қазақстанның Қытай Халық Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Шахрат Нұрышев дүниеге келді;

Ай күнтізбесі

Ай бүгін Суқұйғыш жұлдызында болады. Ғылыми жұмыс мен ой еңбегі үшін өте қолайлы күн. Жаңа технологиялармен жұмыс істейтін мамандар мен өнертапқыштардың жолы болады. Достарыңызбен кездесіп, сырласыңыз. Бала тәрбиесіне де көңіл бөлген жөн.



sputniknews.kz