атаулы күндер, танымал есімдер, тарихи оқиғалар

0

Бұл – Григориан күнтізбесінде 169-ші күн, жыл соңына дейін 196 күн бар

18 маусымда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

18 маусымда қандай қызықты оқиға болды

Бүгін – Дүнижүзілік үйлесімділік (гармония) күні. «Гармония» сөзі грек тілінен аударғанда «тәртіп, үйлесімділік» деген мағынаны білдіреді.

18 маусым – Гастрономия күні. Гастрономия – тамақтану салты мен мәдениет арасындағы байланысты зерттейтін ғылым. Бұл мерекенің негізгі мақсаты – тұрақты даму үшін гастрономияның маңызын түсіндіру. 

Сондай-ақ, бүгін – Балалар арбасының күні. Тарихи деректерге сүйенсек, алғашқы балалар арбасы 1730 жылы қолданылды. Девоншир (Англиядағы дворян титулы) герцогының ұрпақтары арбаға жатқызылған. Балалар арбасын шотландиялық пони жегіліпті.

18 маусымда әлемде болған тарихи оқиғалар

1906 жылы Марков республикасы құлады;

1939 жылы Украинаның Канев қаласындағы Тарас Шевченко зиратында ескерткіш орнатылды;

1953 жылы Жапонияның Татикава қаласында америкалық «C-124» әскери ұшағы апатқа ұшырап, 129 адам қаза тапты;

1972 жылы Ұлыбритания астанасы Лондон маңында «Трайдент» ұшағы құлап, 118 адам көз жұмды.

18 маусымда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1992 жылы КСРО-ның Түркістан әскери округі таратылды;

2006 жылы таңғы сағат 4.44-те Байқоңырда байланыс және хабар тарататын «ҚАЗСАТ» атты тұңғыш геостационарлық жер серігі ғарышқа ұшырылды;

2009 жылы Оралда б.з.д. VІ-ІІ ғасырларға жататын археологиялық қазбалар табылды;

2013 жылы Астанада (Нұр-Сұлтан) Talan Towers көпбейінді кешенінің құрылысы басталды;

2014 жылы қазақстандық ғалымдар туберкулез ауруына қарсы тиімді күресетін дәрі ойлап тапты;

2015 жылы Жамбыл облысы Қаратау қаласында натрий цианидін шығаратын жалғыз зауыт Talas Investment Company кәсіпорны іске қосылды.

18 маусымда дүниеге келген танымал тұлғалар

1903 жылы америкалық әнші және әртіс Джанет Макдональд дүниеге келді;

1942 жылы атақты ұлыбританиялық әнші, музыкант, композитор, The Beatles, The Wings тобының мүшесі Пол Маккартни дүниеге келді;

1963 жылы америкалық Guns N’ Roses рок тобының мүшесі Диззи Рид дүниеге келді;

1976 жылы ресейлік әзіл-сықақшы, тележүргізуші, киноактер және әнші Максим Галкин дүниеге келді.

18 маусымда Қазақстанда кім туды

1915 жылы жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Ұлы отан соғысының ардагері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Александр Сергеев дүниеге келді;

1921 жылы филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Ұлы отан соғысының ардагері Ғұбайдолла Айдаров дүниеге келді;

1939 жылы профессор, ветеринария ғылымының докторы Қадыр Бияшев дүниеге келді;

1969 жылы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Тауешкі белсігінде орналасады. Бұл – ойлаған мақсатыңызды жүзеге асыруға өте қолайлы күн. Тек сәл еңбектену қажеттігін ұмытпаңыз.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз