атаулы күндер, танымал есімдер, тарихи оқиғалар

0

Бұл – Григориан күнтізбесіндегі 162-ші күн. Жыл соңына дейін 203 күн бар

11 маусымда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің қалай есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

            11 маусымда қандай қызықты оқиға болды

Бүгін — Гавай аралдарында Камеамеа патшасының күні. Бұл мейрамды 1871 жылы патша V Камеамеа өз атасы, Гавай аралдарында Ұлы Камеамеа ретінде белгілі — I Камеамеаның құрметіне қабылдады. Алғаш рет мереке 1872 жылы тойланған.

Сонымен қатар, бүгін Ресейде шашыраңқы склероз күні аталып өтеді. Шашыраңқы склероз дертіне шалдыққанда ми мен жұлындағы жүйке талшықтарының миелин қабықшасы зақымданады. «Шашыраңқы склероз» деген атаудың кәрілік кездегі склерозға қатысы жоқ. Мұнда «склероз» — «тыртық» дегенді, ал «шашыраңқы» көптік мағынаны білдіреді. Жүйке талшығы құрылымының үздіксіз бұзылуы науқасты мүгедек адамға айналдырады. Алғаш рет шашыраңқы склероз күні Ресейде 2010 жылы аталып өтті.

            11 маусымда әлемде болған тарихи оқиғалар

1496 жылы Христофор Колумб екінші саяхатын аяқтады, бірақ Қытайға апарар жолды таппағандықтан, испан патшайымының қаһарына ұшырады;

1580 жылы испан конкистадорлары екінші рет талпыныс жасап, Буэнос-Айрестің негізін қалады;

1742 жылы Бенджамин Франклин тиімді пешті ойлап тапты;

1770 жылы Джеймс Кук Австралия жағалауында Үлкен барьер рифін ашты.

            11 маусымда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1594 жылы Тәуекел хан жіберген қазақ елшілігі Мәскеуге барды;

1918 жылы «Алаш» қазақ ұлттық қозғалысы кеңес үкіметінің Қазақстан аумағындағы барлық декретті заңсыз деп жариялады;

1999 жылы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы жарияланды;

2015 жылы Астанада (қазіргі Нұр-Сұлтан) әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезінің пленарлық отырысы өтті;

2015 жылы Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру туралы 20 жылға созылған келіссөздерді аяқтады;

2017 жылы Астанада (қазіргі Нұр-Сұлтан) «Тұрақты дамуға арналған энергетика» VIII халықаралық форумы мен министрлер конференциясы өтті.

            11 маусымда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

1811 жылы орыс ойшылы, жазушы, әдеби сыншы, публицист, философ Виссарион Белинский дүниеге келді;

1899 жылы жапон жазушысы, 1968 жылы «жапон халқының сана-сезімін жеткізетін жазушылық шеберлігі үшін» Нобель сыйлығын иеленген Ясунари Кавабата дүниеге келді (Шығармалары – «Қарлы тау», «Мың қанатты тырна», «Тау үні», «Ескі астана»);

1910 жылы француз океанограф, аквалангты ойлап тапқан Жак Ив Кусто дүниеге келді;

1959 жылы британдық актер, «Алтын глобус» жүлдесінің үш дүркін иегері Хью Лори дүниеге келді ( «Доктор Хаус» сериалы).

            11 маусымда Қазақстанда кім туды

1957 жылы Қостанай облысының атынан сайланған сенаты депутаты Серік Бектұрғанов дүниеге келді;

1964 жылы Қазақстанның Бас прокуроры  Ғизат Нұрдәулетов дүниеге келді;

1984 жылы Павлодар қаласының әкімі Әнуар Күмпекеев дүниеге келді.

            Ай күнтізбесі

Ай Таразы жұлдызында орналасады. Бүгін достық қарым-қатынасты басты назарға алған жөн. Адал достарыңызбен кездесіп, сырласыңыз. Бар өміріңізді жұмыс пен үйде өткізіп, көп қызықтан құр қалуыңыз мүмкін. Жан-жағыңызға қараңыз, заман өзгеріп, уақыт зымырап өтіп барады. Өмірдің рахатын көріп қалыңыз.



sputniknews.kz