атаулы күндер, танымал есімдер, тарихи оқиғалар

0

Бұл — Григориан күнтізбесіндегі 159-шы күн, жыл соңына дейін 206 күн бар

8 маусымда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

8 маусымда қандай қызықты оқиға болды

Бүгін бүкіләлемдік мұхиттар күні. Ол БҰҰ бас ассамблеясының бастамасымен 2009 жылдан бері аталып өтеді. Мереке күні түрлі табиғат қорғау шарасы ұйымдастырады. Олардың көмегімен ғаламшардың болашағына алаңдаушылық білдіретін адамдар дүниежүзілік мұхит суларын мұқият зерттеу қажеттілігін әлемдік қауымдастыққа жеткізуге тырысады. Сондай-ақ, түрлі көрмелер, семинарлар, фестивальдер мен пікірталастар өткізіледі. 

Сондай-ақ, 8 маусым күні ошақ басында отырған әйелдер мен үй шаруасындағы ер адамдардың мерекесі. Бұл бастаманы әйелдердің ұлттық институтының (Мехико) қызметкері Габриэла Дельгадо ұсынды. Ол әйелдердің қоғамдағы әлеуметтік және экономикалық беделі мен құқығын арттыру мәселесінде алғашқылардың бірі болып көтерді. Бұл қозғалысқа ерлер де біртіндеп қосыла бастады. Олар қандай да бір себептермен үй шаруасымен айналысып, бала тәрбилеуге мәжбүр. Бұл әлемдегі ең жақсы жұмыстың бірі. Өйткені үй шаруасымен айналысатын жандар отбасына береке, бірлік сыйлайды. Бір өкініштісі, жалақы төленбейді. 

Бүгін көпшілік алдында тоқу күні. Атауы айтып тұрғандай, бұл ерекше мейрамдардың бірі. Адамдар саябақта, дәмханада, көпшіліктің алдында тоқып, бір-бірінен бұл өнердің жаңа әдіс-тәсілін үйренеді. Дүниежүзілік тоқу күні алғаш рет Парижде өтті. Мерекені Даниэль Лендес деген тоқымашы ойлап тапқан. Кейін көпшілік алдындағы тоқуға француз қыздары ғана емес, АҚШ, Англия, Швеция, Финляндия, Норвегия, Эстония сынды өзге елдің сұлулары да қызығушылық таныта бастады. Акцияның өзінің эмблемасы да бар.

8 маусымда әлемде болған тарихи оқиғалар

1928 жылы АҚШ-тан Австралияға тұңғыш әуе тасымалы жүзеге асты;

1946 жылы Халықаралық журналистер ұйымы құрылды;

1947 жылы Днепрде кеме қатынасы ашылды;

1963 жылы америкалық кардиологтар темекі шегуге қарсы алғашқы науқанды жарияланды.

8 маусымда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1992 жылы Қазақстанның шетелдік инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі құрылды;  

2001 жылы Астанада (қазіргі Нұр-Сұлтан) алғашқы қазіргі заманғы өнер галериясының ашылу салтанаты өтті;

2003 жылы тұңғыш рет халықаралық «Астана – 2003» қазақ әндерінің конкурсы өтті.

8 маусымда туған танымал тұлғалар

1625 жылы италиялық астроном, Париж ғылым академиясының академигі Джованни Кассини дүниеге келді. Ол Сатурнның Япет, Рея, Тетис және Диона деп аталатын жерсерігін ашты. Сатурн сақинасы екі бөліктен тұратынын және Қызылжұлдыз бен Юпитердің айналатынын анықтады;  

1810 жылы неміс композиторы, музыка сыншысы, педагог Роберт Шуман дүниеге келді;

1895 жылы мадридтік «Реал» футбол клубының президенті Сантьяго Бернабеу дүниеге келді. Мадридтегі стадионға оның есімі берілді;

1977 жылы америкалық рэп-орындаушы, продюсер  Канье Уэст дүниеге келді.

8 маусымда Қазақстанда кім туды

1956 жылы жазушы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Абай Мауқараұлы дүниеге келді;

1966 жылы мемлекет қайраткері, дипломат Қайрат Сарыбай дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Арыстан белгісінде орналасады. Қиын болса да, күресуден жалықпаңыз. Айналадағы адамдардың кеңесіне құлақ асып, шешім қабылдаңыз. Ойыңызды жинақтау үшін таптырмас күн. 



sputniknews.kz