атаулы күндер, танымал есімдер, тарихи оқиғалар

0

7 маусымда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

7 маусымда қандай айтулы оқиға болды

7 маусым күні жыл сайын Норвегия тұрғындары Швециямен одақтың ыдырау күнін атап өтеді. Бұл күні барлық мемлекеттік мекемеде ту көтеріледі. Швеция мен Норвегия арасындағы 1814-1905 жылдар аралығында мемлекеттік-құқықтық бірлестік болған. 1814 жылы Норвегия мен Швеция арасында соғыс басталды. Нәтижесінде норвегиялықтардың тәуелсіздікке деген ұмтылысы мен Финляндиядан айырылған Швеция ортақ ымыраға келді. Елдер арасындағы байланыс 1815 жылдың 6 тамызындағы «Мемлекеттік актімен» реттелді. Құжатты екі елдің парламенті қабылдады.

Сондай-ақ, бүгін Краудфандинг күні. Бұл ағылшын тілінен аударғанда халықтық қаржыландыру дегенді білдіреді.  Интернет арқылы белгілі бір жобаға халықтың, көпшіліктің қаржы жинап беруі. Мұндай қолдау түрлі мақсаттарға арналуы мүмкін. Мәселен, табиғат апаттарынан зардап шеккендерге көмек, спорт командасына жанкүйерлерінің көрсеткен қолдауы, түрлі саяси науқанға қолдау білдіру, стартап-компанияларды немесе кіші бизнесті қаржыландыру.

7 маусым азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі күні. 2018 жылдың желтоқсан айында БҰҰ бас ассамблеясының резолюциясы қабылданды. Мереке сол кезден бері аталып өтеді. Оларды өсіру кезінде қолданылатын тыңайтқыштар мен өндірістің қауіпсіздігі қатаң сақталуы тиіс. Мамандардың айтуынша, адамзаттың тұрақты дамуы дұрыс тамақтанумен тікелей байланысты.

7 маусымда әлемде болған тарихи оқиғалар

1929 жылы бір қаладан тұратын әлемдегі ең кішкентай ел Ватикан мемлекеті құрылды;  

1960 жылы Сауд Арабиясында әйелдерге білім алуға рұқсат берілді;

1965 жылы Sony корпорациясы бағасы $ 995 болатын тұңғыш үйдегі видеомагнитофонды таныстырды;  

1967 жылы израильдықтар Иерусалимдегі әйгілі жылау қабырғасын өзінің бақылауына алды.

7 маусымда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1812 жылы Орал қаласының іргесіндегі Хан тоғайында Бөкей сұлтан ресми түрде Ішкі орданың ханы болып жарияланды. Осылайша, Алшын елі екі дербес әкімшілік-аумаққа бөлініп, Ішкі орда және Кіші жүз хандығы қалыптасты;

1994 жылы Қазақстанның тұңғыш президенті Назарбаевтың «Еуразия мемлекеттер одағын құру туралы» жобасы баспасөзде жарияланды;

1997 жылы Павлодарда «Таза алюминий» деп аталатын ірі өндіріс орнының алғашқы қазығын қағу рәсімі өтті;

2014 жылы Қазақстанда алғашқы «Дүниежүзілік бокс академиясы» спорттық-оқыту кешені ашылды;

2017 жылы белгілі боксшы Геннадий Головкин өзінің атындағы спорт кешенін ашты.

7 маусымда туған танымал тұлғалар

1502 жылы Рим папасы Григорий XIII дүниеге келді. Ол күнтізбелік жүйеге өзгеріс енгізіп, тарихта қалды. Қазір Григориан күнтізбесі деп аталады;

1952 жылы түрік жазушысы, әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Орхан Памук дүниеге келді;

1952 жылы ресейлік жазушы, тележүргізуші, түрлі әдеби премиялардың лауреаты Дарья Донцова дүниеге келді;

1970 жылы бразилиялық футболшы, Бразилия құрамасындағы екі дүркін әлем чемпионы Маркус Эванжелиста ди Мораес (Кафу) дүниеге келді;

1981 жылы ресейлік теннисші, фотомодель Анна Курникова дүниеге келді.

7 маусымда Қазақстанда кім туды

1917 жылы Ұлы отан соғысының ардагері, Кеңес одағының батыры Жанғазы Молдағалиев дүниеге келді. 1943 жылы қарашадағы ұрыс кезінде өз денесімен жау дзотын жауып, қаза тапты. Есімі Семейдегі көшеге және ол жерленген Елизаровка кентіндегі мектепке берілген;

1947 жылы жазушы, ақын Иран-Ғайып (Оразбаев Иранбек Әбітайұлы) дүниеге келді. Қазақстан журналистер одағы сыйлығының иегері, талай конкурстардың бірнеше дүркін жеңімпазы. «Махамбет» трагедиясы үшін «Әдебиет» номинациясы бойынша Қазақстан республикасы меценаттар клубының «Тарлан» сыйлығына ие болды;

1956 жылы әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Айжан Нұрмағамбетова дүниеге келді. Қостанай облысының Сарыкөл ауданында туған. Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің журналистика бөлімін, республикалық эстрада-цирк колледжін бітірген;

1960 жылы Қазақстанның орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Арыстан белгісінде орналасады. Ашуыңызды жеңіп, сабыр сақтауға тырысыңыз. Сіздің айтқаныңыз дұрыс болса да, өзгелердің ойына түсіністік танытыңыз. Сүйікті ісіңізбен айналысуға болады. Бұл үшін өте қолайлы күн.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз