5 маусым: атаулы күндер, танымал есімдер, тарихи оқиғалар

0
105

Бұл – Григориан күнтізбесіндегі 156-ші күн, жыл соңына дейін 209 күн бар

5 маусымда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

5 маусымда қандай айтулы оқиға болды

1972 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні бекітілген болатын. Дәл осы күні Стокгольм конференциясында тиісті резолюция қабылданды. Осы құжатқа сәйкес, әрбір адам қоршаған ортаны үздіксіз қорғауы тиіс.

Дәл осы күні Қазақстан мен Ресейде «Эколог күні» аталып өтеді. Қазақстан республикасы бұл мейрамды 2011 жылы бекітіп, мерекелер туралы заңға ресми түрде енгізді. Алайда эколог күні демалыс күні болып саналмайды.

1849 жылдан бері Дания корольдігінде ұлттық мейрам – Конституция күні аталып келеді. 1848 жылы аталған мемлекетте төңкеріс болып, билікке ұлтшыл либералдар келді. Бір жылдан кейін VII Фредерик конституциялық басқаруды енгізуге келісті. Ал 5 маусымда осы елдің жаңа конституциясына қол қойды. Осылайша, Данияда Ригсдаг – екі палаталы заң шығарушы орган енгізілді. Содан бері елде конституциялық монархия орнады. Дания – Еуропаның солтүстік-батысында орналасқан ең кішкентай мемлекет.

1977 жылы Сейшель аралдары республикасының ұлттық мейрамы – Азаттық күні бекітілді. Сейшель аралдары мемлекеті Мадагаскар аралының солтүстік-шығысында, Үнді мұхитындағы аралдарда орналасқан. Әкімшілік-аумақтық жағынан 23 округке бөлінеді. Астанасы – Виктория қаласы.

5 маусымда әлемде болған тарихи оқиғалар

1876 жылы Канаданың жоғарғы соты алғашқы отырысын өткізді;

1881 жылы АҚШ президенті Джеймс Гарфилдтің өміріне қастандық жасалды;

1940 жылы АҚШ-та синтетикалық резинадан жасалған алғашқы шиналар таныстырылды;

1945 жылы КСРО, АҚШ, Ұлыбритания мен Франция Германияның жеңілгені туралы декларацияға қол қойылды;

1953 жылы АҚШ сенаты Қытайдың БҰҰ-ға мүшелігін мойындамады;

1965 жылы Оксфорд университеті Анна Ахматоваға әдебиет докторы дәрежесін берді;

1967 жылы Таяу Шығыста Израильге қарсы Мысыр, Сирия, Алжир және Ирак арасында алты күндік соғыс басталды. Бұл соғыста Израиль жеңіске жетіп, өз аумағынан 3,5 есеге артық территорияны бақылауына алды;

1968 жылы АҚШ-та президенттік сайлауда жеңіске жеткен Роберт Кеннеди оқ тиіп, қатты жарақат алды. Ертесінде қайтыс болды;

1981 жылы америкалық ауруларды бақылау орталығы жаңа ЖИТС (СПИД) дертін тіркеді;

2000 жылы Индонезияда болған жер селкінісі кезінде 50-ден астам адам қаза болды;

2006 жылы Сербия өз тәуелсіздігін жариялады;

5 маусымда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1938 жылы Әулиеата қаласына ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың есімі берілді. Жамбыл – Қазақстандағы көне қалалардың бірі. Ол әр жылдары Талас, Тараз, Әулиеата, Мирзоян деп аталған болатын. 1997 жылы Қазақстан президентінің жарлығымен қалаға оның көне атауы – Тараз қайта берілді;

1992 жылы «Қазақстан Республикасының Конституциялық соты туралы» заң қабылданды;

1992 жылы Қазақстан республикасы мен Норвегия корольдігі арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы хаттамаға қол қойылды;

1993 жылы Республикалық көркемөнер колледжі мен Алматы мемлекеттік театр-көркемсурет институтының осы саладағы факультеттері базасында Қазақ мемлекеттік көркемөнер академиясы және Т.Қ. Жүргенов атындағы театр және кино институты құрылды. 7 жылдан кейін жоғарыдағы екі институт қосылып, Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік өнер академиясы болды;

1998 жылы Нұр-Сұлтанда (бұрынғы Астана) Қажымұқан атындағы Орталық стадионның ашылу рәсімі болды;

2007 жылы «Ертіс жағалауы» өлкетану қоғамының мүшелері Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында тас дәуіріндегі адамдардың бірнеше қонысын тапты;

2016 жылы Қазақстан Кариб мемлекеттер қауымдастығының бақылаушысы ресми мәртебесін алды.

5 маусымда дүниеге келген танымал тұлғалар

1718 жылы ағылшын жиһаз өнерінің шебері Томас Чиппендейл дүниеге келді;

1723 жылы британ экономисі, философ Адам Смит дүниеге келді;

1907 жылы Американың атом бомбасын жасаған ғалымдардың бірі, ағылшын физигі Рудольф Пайерлс дүниеге келді.

5 маусымда Қазақстанда кім туды

1955 жылы Бүкіләлемдік және Еуропалық урологтар қауымдастығының мүшесі, денсаулық сақтау министрлігінің бас урологы, профессор Мырзакәрім Алшынбаев дүниеге келді;

1969 жылы Қазақстанның Сауд Арабиясындағы елшісі Берік Арын дүниеге келді;

1972 жылы грек-рим күресінен Олимпиада және Әлем чемионы Юрий Мельниченко дүниеге келді;

1980 жылы дзюдодан спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Шолпан Қалиева дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Шаян белгісінде болады. Ақшаны қарызға беру жағынан абай болған жөн, себебі ұзақ күтуге тура келеді. Бұл күні адамның эмоционалдық көңіл-күйі көтеріледі. Сондықтан жақын адамдарды ренжітіп алмауға тырысу қажет. Негативті эмоцияны барынша азайтуға күш салған дұрыс. Ол үшін дене жаттығуларын да жасаған артық болмайды. Соның арқасында орынсыз кикілжіңнен құтыласыз.



sputniknews.kz