атаулы күндер, танымал есімдер, тарихи оқиғалар
Бұл – Григориан күнтізбесіндегі 149-шы күн. Жыл соңына дейін 216 күн бар
29 мамырда не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің қалай есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.
29 мамырда қандай қызықты оқиға болды
Бүгін Дүниежүзілік дұрыс ас қорыту күні аталып өтеді. Дұрыс ас қорыту – ағзамыздың барлық жүйесі мен мүшесінің дұрыс қызмет етуінің негізі. Асқазан адамның иммундық жүйесіне кіреді, оның жұмысы адамның өзін-өзі қалай сезінуі мен денсаулығына әсер етеді. Қазірде көптеген адам ас қорытуда белгілі бір қиындықтарды сезінеді, оған нашар экология, салауатты емес өмір салты, дұрыс тамақтанбау себепші. Дұрыс ас қорыту күнін атап өтуге Дүниежүзілік гастроэнтерологтар қауымдастығы бастамашы болды.
Сонымен қатар, бүгін – Халықаралық БҰҰ бітімгерлерінің күні. Бұл мереке қақтығысушы тараптарды бітімге келтіру, халықтың ауыр жағдайын жеңілдетуге бағытталған БҰҰ шараларына назар аударуға арналған. Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі бейбітшілікті сақтау бойынша алғашқы миссиясын 1948 жылы бекітті. Содан бері БҰҰ бітімгерлік қызметі қатты өзгерді. Бұрын жеңіл-желпі қаруланған бітімгер сарбаздар қарулы қақтығысты тоқтату сызығы бойымен елдер арасында жаяу патруль жүргізсе, қазір БҰҰ бітімгерлік операциялары күрделі сипатқа ие. Олар қақтығыстардан кейін әбден құлдыраған елдерді қалпына келтіруге бағытталған шараларды да қамтиды.
Бүгін – Әскери автомобилист күні. Санкт-Петербургте 1910 жылы алғашқы оқу автомобильдік ротасы құрылды. Содан бері РФ Қарулы күштері жыл сайын 29 мамырда РФ қорғыс министрінің 2000 жылғы бұйрығымен бекітілген әскери автомобилист күнін атап өтеді. Бұл кәсіби мейрамды РФ Автомобиль әскерінің қызметкерлері ғана емес, басқа салада көлік жүргізетін әскерилер де тойлайды.
29 мамырда әлемде болған тарихи оқиғалар
1910 жылы аэроплан мен пойыз арасында жарыс болды. Олбани мен Нью-Йорк арасында өткен жарыста Гленн Кертисс басқарған ұшу аппараты бірінші келіп, 10 000 доллар ұтып алды;
1916 жылы АҚШ президентінің ресми туы бекітілді;
1919 жылы Күннің толық тұтынуын бақылаған Артур Эддингтон Альберт Эйнштейннің салыстырмалылық теориясын дәлелдеді;
1947 жылы үнді құрылтайында «кесапаттылар» кастасына тыйым салынды.
29 мамырда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1891 жылы Ақтөбе әскери бекінісі ресми түрде қала мәртебесін алып, Актюбинск қаласы деп өзгертілді;
2012 жылы Қазақстан айтыс пен киіз үй дайындау өнерін ЮНЕСКО-ның мәдени мұра тізіміне енгізу туралы ұсыныс жасады;
2013 жылы Нұр-Сұлтанда (ол кезде Астана) түркітану мәселелеріне арналған халықаралық конференция барысында Түркі жазуының күнін бекіту тұралы ұсыныс жасалды;
2014 жылы Нұр-Сұлтандағы (ол кезде Астана) Тәуелсіздік сарайында Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келісімге қол қойылды.
29 мамырда әлемде дүниеге келген тұлғалар
1953 жылы кеңестік және ресейлік театр және кино актері, кинорежиссер Александр Абдулов дүниеге келді. РКФСР еңбек сіңірген әртісі (1986). РКФСР халық әртісі (1991). («Убить дракона», «Чародеи», «Самая обаятельная и привлекательная» фильмдері);
1953 жылы америкалық композитор Дэниел Эльфман дүниеге келді. «Симпсоны», «Труп невесты» мультфильмдері мен «Эдвард Руки-ножницы», «Чарли и шоколадная фабрика» және тағы басқа фильмдердің музыкасын жазған;
1975 жылы ағылшын әншісі, Spice Girls тобының бұрынғы солисі Мелани Браун дүниеге келді;
1981 жылы ресейлік футболшы, Ресей құрамасының бұрынғы капитаны, Ресейдің еңбек сіңірген спорт шебері Андрей Аршавин дүниеге келді.
29 мамырда Қазақстанда кім туды
1939 жылы Қазақстанның Минералды ресурстар академиясының, Халықаралық минералдық ресурстар академиясының академигі, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі Гарри Штойк дүниеге келді;
1940 жылы альпинист, география ғылымдарының кандидаты, спорт шебері, КСРО Қарулы күштері мен Кеңес Одағының бірнеше дүркін чемпионы Виктор Попов дүниеге келді;
1961 жылы Қазақстанның Инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі, физика және математика ғылымдарының докторы Ерғазы Кенжин дүниеге келді.
Ай күнтізбесі
Ай Тоқты белгісінде орналасады. Өмірдегі түрлі сын-тегеуріннің арқасында ғана өз жолыңызды табасыз. Уайымдамаңыз, қателеспейтін адам жоқ. Кемшіліктерді жүрекке жақын қабылдамай, күле қарап түзетуді үйреніңіз, әйтпесе психотерапевтің көмегіне жүгінуге тура келеді.
sputniknews.kz