атаулы даталар, тарихи оқиғалар, танымал есімдер

0

Бұл – Григориан күнтізбесінде 120-шы күн. Жыл соңына дейін 245 күн бар

30 сәуірде не болғанын білесіз бе? Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

30 сәуірде әлемде қандай қызықты оқиға болды:

Барлық құрылықта адамзат бүгін Халықаралық джаз күнін атап өтеді. Әсерлі, жалынды және ерекше әсерлендіретін джаз ондаған жылдар бойы музыка сүйер қауымды рухани ләззатқа бөлеп келеді. Бұл бағыт кәсіби орындаушылар мен фанаттарды ғана емес, оның ырғағын ұнататын әуесқойларды да біріктіреді.

Джаз ұлттар мен ұрпақтар арасындағы шекараны жоя отырып, бейбітшілік символы саналады және ол әртүрлі елдер азаматтарының пікір білдіру бостандығының бағытын анықтайды және түрлі мәдениеттер өкілдері арасында парасатты диалог құруға ықпал етеді. Бұл күні барлық жерде есептік концерттер өткізіледі, жас орындаушылардың өнеріне қошемет көрсетіледі.

Ресейде бүгін ең маңызды жедел қызметтердің бірі – өрт сөндіру күзеті өзінің кәсіби мерекесін атап өтеді. Мереке Ресей Федерациясының президенті Борис Ельциннің 1999 жылдың 30 сәуіріндегі № 539 «Өрт сөндіру күзеті күнін құру туралы» Жарлығымен өрт сөндіру күзетінің тарихи дәстүрлері мен жетістіктері, оның Ресей Федерациясының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесі ескеріле отырып құрылды. Елді мекендерде өрт сөндіруді ұйымдастыру бойынша федералдық өртке қарсы қызметтің өкілеттігін кеңейтетін соңғы заңдардың бірі «Ресей Федерациясының өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» 2006 жылы 25 қазанда қабылданған № 172-ФЗ Федералдық заңы болды.

Сондай-ақ бүгін әлемнің барлық елінің майшам шеберлері   Халықаралық майшам шебері күнін қарсы алуға мүмкіндік алады, ол шеберлердің барлығын – кәсібін жаңадан ашқандардан бастап нағыз мамандарға дейін бірін қалдырмай біріктіруге бағытталған. Майшам ісі өнердің танымал саласы емес, алайда жыл сайын бүкіл әлемде балауыздар мен парафин өнімдерін өндіру ісі серпін алып келеді. Сондықтан оған жеке мереке ұйымдастыру қисынға келеді.  

30 сәуірде әлемде болған тарихи оқиғалар:

1789 жылы Джордж Вашингтон бірауыздан АҚШ-тың тұңғыш президенті болып сайланды;

1939 жылы Нью-Йорктегі әлемдік өнеркәсіптік көрме ашылды.  

1945 жылы Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатов Рейхстагқа ту тікті;

1945 жылы Адольф Гитлер өз бункерінде өз-өзіне қол жұмсады;

1992 жылы Женева қаласында ағылшын физигі Тим Бернерс-Ли әзірлеген ғаламтор (World Wide Web) барлық адамға тегін болады деп жарияланды.

30 сәуірде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар:

2004 жылы Жамбыл облысының Шу қаласындағы жабайы қарасораны қайта өңдеу комбинатының негізі қаланды;

2005 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жылдығы құрметіне арналған мерекелік медаль туралы» Жарлыққа қол қойды;

2007 жылы Павлодар облысының Ақтоғай ауылындағы Жеңіс саябағында қазақ жеріне болгар халқының қоныс аударуының 100 жылдығына орай жаңа Достық аллеясы салынды;

2015 жылы Петропавлда Жеңіс саябағында азат етуші жауынгерге биіктігі 4,5 метр, салмағы 3 тонна ескерткіш орнатылды.

30 сәуірде дүниеге келген танымал тұлғалар:  

1883 жылы чех жазушы-сатиригі, анархист, драматург, фельетонист, журналист, Қызыл Армия комиссары Ярослав Гашек дүниеге келді. 1500-ге жуық әңгіме, фельетон және басқа да туындылардың авторы;

1967 жылы кеңес және Ресей эстрада әншісі, актер, композитор және продюсер Филипп Киркоров дүниеге келді. Ресей Федерациясының халық әртісі (2008);

1974 жылы Ресей эстрада әншісі және музыкант, тележүргізуші Андрей Губин дүниеге келді. Ресей Федерациясының еңбек сіңірген әртісі (2004);

1982 жылы америкалық актриса Кирстен Данст дүниеге келді («Вампирмен сұхбат», «Элизабеттаун» фильмдері).

30 сәуірде Қазақстанда кім дүниеге келді:

1910 жылы кескіндемеші, ұлттық кәсіби бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі, Қазақ КСР-нің халық суретшісі Әубәкір Ысмайылов дүниеге келді;

1921 жылы балалар жазушысы Мәдіхат Төрежанов дүниеге келді;

1931 жылы техника ғылымының кандидаты, профессор, Қазақ КСР-інің және КСРО-ның еңбек сіңірген энергетигі Кежек Ысқақов дүниеге келді;

1933 жылы жазушы Ақан Нұрманов дүниеге келді;

1941 жылы қоғам қайраткері, сыншы, әдебиеттанушы, теледраматург Сұлтан Оразалы дүниеге келді;

1961 жылы «Казахстанская правда» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы Александр Тараков дүниеге келді;

1979 жылы шахматтан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, халықаралық гроссмейстер, Жасөспірімдер арасында шахматтан әлем чемпионы Дәрмен Сәдуақасов дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Балықтар белгісінде орналасады. Өміріңізді қызықты етіп өткізуге таптырмас күн, көмектен бас тартудан қорықпаңыз, өзіңізге де бір сәт көңіл бөліңіз және барлығына ұнауға тыраштанбаңыз, ақылмен ғана құрметке ие бола аласыз.



sputniknews.kz