16 сәуір: атаулы даталар, тарихи оқиғалар, танымал есімдер
Бұл – Григориан күнтізбесінде 106-шы күн. Жыл соңына дейін 259 күн бар
16 сәуірде не болғанын білесіз бе? Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.
16 сәуірде әлемде қандай қызықты оқиға болды:
Бүгін Дүниежүзілік дауыс күні – дауыс феноменіне арналған жыл сайынғы халықаралық интернационалдық шара аталып өтеді. Мерекенің мақсаты – дауыстың біздің күнделікті өмірімізде негізгі қарым-қатынас құралы және физика, психология, фонетика және биология секілді көптеген ғылымды зерттеу тақырыбы ретіндегі маңызын көрсету. Дауыс музыка және театр сияқты көптеген өнер түрі үшін де маңызды. Бұл дүниежүзілік күн 1999 жылы америкалық және еуропалық отоларингологтар мен логопедтердің, атап айтқанда, Америка отоларингология академиясы (American Academy for Otolaryngology – Head and Neck Surgery) және португалиялық медицина докторы Марио Андреаның күш салуының арқасында құрылды. Бұл күні әр түрлі концерттер, симпозиумдер, медициналық және білім беру мекемелерінде ашық есік күндері өтіп, оған теле және радио бағдарламалар арналады.
Бүгін сондай-ақ Чарли Чаплин күні. Дыбыссыз киноның ғажайып актері 1889 жылы 16 сәуірде Лондонда дүниеге келді. Қаңғыбастың әсерлі образы, қара мұртты, үлкен қалпағы бар адамның бейнесі әлі күнге дейін шаттыққа бөлейді. Өткен ғасырда экранға шыққан сюжеті қарапайым картиналарды әлі күнге дейін көз алмай көреміз, өйткені актер экран арқылы бір ауыз сөз айтпаса да өз рөлін шебер ойнайды. Ол өмірді ерекше қабылдаған, мейірімді, жаны жайдары адам болды. Әлемде болып жатқан оқиғаларға белсенді түрде үн қатып отырды, диктатор Адольф Гитлер туралы әзіл-оспақ фильмінің өзі неге тұрады.
Болгарияда бүгін Конституция күні аталып өтеді, ол – 1879 жылы елдің Бірінші Ұлы Ұлттық Ассамблеясы қабылдаған және сол кезде ең прогрессивті Конституция болып саналған жоғарғы заң. Ол Болгариядағы конституциялық монархияның және парламенттік заңнамалық биліктің мемлекеттік құрылымын нығайтты. Кейін Монархтың өкілеттігі одан әрі арта түсті, ал 1934 жылы Борис Үшіншінің жеке билігінің режимі Конституцияны мүлде өзгертіп тастады. Болгариядағы барлық партия мен министрлер кабинетіне тыйым салынды. Тек 1944 жылдың 9 қыркүйегінен кейін Болгария Конституциясы аз уақытқа қалпына келтірілді, бірақ 1946 жылғы референдумнан кейін Ұлы Ұлттық Жиналыс қайта шақырылды.
16 сәуірде әлемде болған тарихи оқиғалар:
1618 жылы Уильям Гарвей алғаш рет адам ағзасындағы қан айналымы жүйесіне жаңа көзқарас білдірді;
1871 жылы Берлин Германия астанасы деп жарияланды;
1964 жылы америкалық ұшқыш Джеральдина Мок Батыс Германияға қонды, ол бүкіл әлемді ұшып өткен алғашқы әйел болды;
1972 жылы Айдың бетіне қонуды көздеген «Аполлон» бағдарламасы бойынша бесінші экспедиция басталды.
16 сәуірде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар:
1918 жылы Орынборда Әліби Жангелдиннің бастамасымен қазақ тілінде «Қазақ мұңы» газеті шығарылды;
1922 жылы Қостанай драма театры ашылды;
2003 жылы ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес «Тұрғын үй жинақ құрылыс жинақ банкі» ЖАҚ құрылды;
2010 жылы Грозный қаласының №1 лицейіне Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді;
2010 жылы әлемдік турне аясында Қазақстанға әлемдік футболдың бас жүлдесі – FIFA әлем кубогы жеткізілді;
2011 жылы Қазақстанда ислам дінінің бастау көздері туралы отандық ғалымдардың еңбектеріне арналған «Даналардың ізімен» атты көлемді телевизиялық экспедиция жобасы іске қосылды.
16 сәуірде дүниеге келген танымал тұлғалар:
1889 жылы Америка және ағылшын киноактері, сценарист, композитор және режиссер, кинематографтың әмбебап шебері, кинорежиссер, әлемдік киноның ең танымал образдарының бірін жасаушы Чарли Чаплин дүниеге келді;
1924 жылы америкалық кинокомпозитор және дирижер Генри Манчини дүниеге келді. Ол 500-ге жуық фильм мен телехикаяға музыка жазған, «Оскар» және «Грэмми» сыйлығының лауреаты;
1967 жылы ресейлік әнші, композитор, актер Владимир Асимов дүниеге келді. Ресей Федерациясының еңбек сіңірген әртісі (2001). «На-на» тобының бұрынғы мүшесі (1991-2003);
1978 жылы ресейлік актер, тележүргізуші, музыкант, шоумен Иван Ургант дүниеге келді.
16 сәуірде Қазақстанда кім дүниеге келді:
1928 жылы әнші, КСРО халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері Роза Жаманова дүниеге келді;
1951 жылы Қазақстан Республикасының банк омбудсмені Ерсерік Сиырбаев дүниеге келді;
1959 жылы танымал әнші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Марат Омаров дүниеге келді.
Ай күнтізбесі
Ай Бикеш белгісінде орналасады. Ақша есеп-қисапты жақсы көреді, мұны ұмытпаңыз. Бүгін ақшаны ысырап етіп, қажетсіз сауда-саттық жасап, жөнсіз қымбат процедуралардан өтуіңіз мүмкін. Өзіңізді және қалауыңызды қадағалаңыз.
sputniknews.kz