атаулы даталар, тарихи оқиғалар, танымал есімдер
Бұл – Григориан күнтізбесінде 44-ші күн. Жыл соңына дейін 321 күн бар
13 ақпанда не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.
13 ақпанда әлемде қандай қызықты оқиға болды:
Бүгін бүкіл әлем елдері Кинокамераның туған күнін атап өтеді. Алғашқы кинокамераны жасау жайлы аңызға сүйенсек, оны Луи Люмиер ойлап тауып, құрастырған.
1895 жылдың 13 ақпанында ағайынды Луи мен Огюст Люмьер өнертабысқа патент алып, оны синематограф деп атады, ал осы жылдың 28 желтоқсанында олар құрылғыны қолдану тәсілін жұртшылыққа паш етті.
Луи мен Огюст Париждегі «Гран кафе» станциясына пойыздың келуі туралы алғашқы қысқаметражды фильмді ақылы негізде көрсетті. Алғашқы көрсетілім кешінде кәсіпкерлер тек 35 франк (жалдау ақысын төлеуге ғана жететін қаржы) табады, олар өз кино проекторын «Робер-Удэн» театрының директоры – иллюзионист Жорж Мельеске сатудан бас тартады. Ағайындылар әлемдік табыс пен даңққа бөленуді мақсат тұтпады, олардың басты мақсаты қаржылық әл-ауқатын жақсартып алу еді. Бірақ кинематограф тез арада танымал болып, жұрттың жақсы көретін ермегіне айналды, ал 1898 жылы Люмьердің фильмдер жиынтығы 500-ге дейін өсті.
Денсаулық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін маңызды нәрселерді насихаттауға шақыратын мерекелер де жетіп артылады. Осылардың қатарына күнтізбеге таяуда ғана енгізілген Дүниежүзілік мүшеқап күнін жатқызуға болады.
Мүшеқап күнін қай күні атап өту керек деген сауал қойылғанда қызу пікірталас туындайды. Көпшілік екі датаны – 13 ақпан және 19 тамызды атайды. Алғашқысы 2007 жылы Валентин күні қарсаңында қауіпсіз жыныстық қатынас туралы тағы бір ескерту ретінде пайда болды, ал 19 тамыз – бұған дейін белгіленген Мүшеқап күні.
Осы күнге арналған акциялар жыл сайын түрленіп келеді. Күннің мақсаты – сексуалды белсенді адамдарға жыныстық жолмен берілетін инфекциялардан, соның ішінде ВИЧ-тен сақтанудың сенімді әдісі туралы айту. Неліктен бұл бұйымға көп көңіл бөлініп, барлық прогрессивті қоғам жылына бірнеше күн оған назар аударады? Халықаралық мүшеқап күні – ағарту және білім беру миссияларын орындайтын және көптеген адамның өмірі мен денсаулығын сақтауға көмектесетін маңызды мереке.
Сондай-ақ бүгін – Дүниежүзілік радио күні. 1946 жылы 13 ақпанда әлем алғаш рет «БҰҰ радиосының» шақыру белгілерін тыңдады. 2011 жылы ЮНЕСКО «Дүниежүзілік радио күнін» құру туралы шешім қабылдады. ЮНЕСКО-ның жоспары бойынша мереке ірі хабар тарату компаниялары арасында да, жеке жұмыс істейтін әуесқой компаниялар арасында да ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізеді.
13 ақпанда әлемде болған тарихи оқиғалар:
1772 жылы француз теңіз саяхатшысы Ив Жозеф де Кергелен Кергелен архипелагын ашты;
1895 жылы ағайынды Луи және Август Люмьер алғашқы киноаппаратты жасап шықты;
1917 жылы аңызға айналған тыңшы әйел Мата Хари Парижде тұтқынға алынды;
1940 жылы Михаил Булгаков «Мастер және Маргарита» романын аяқтады.
13 ақпанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар:
1993 жылы Каспий теңізінің Қазақстанға қарасты бөлігінің жер қойнауындағы мұнай-газ қорын анықтап, игеру үшін «Қазақстанкаспийшельф» теңіз мұнай кәсіпорны құрылды;
2008 жылы Павлодардағы «Базальт технологиялары» ЖШС-нің жылу сақтайтын материалдар өндіретін жаңа кәсіпорнында алғашқы өнім шығарылды;
2010 жылы Петропавлда салтанатты түрде Қан орталығы ашылды;
2012 жылы Қазақстанда Педагогикалық шеберлік орталығы құрылды;
2014 жылы Оңтүстік Қазақстанда «Бал Текстиль» фабрикасы кілем шығара бастады.
13 ақпанда дүниеге келген танымал тұлғалар:
1769 жылы ресейлік публицист, ақын, сатирикалық-ағартушылық журналдардың баспагері Иван Крылов дүниеге келді;
1873 жылы орыс опера және камералық әншісі (жоғары бас) Федор Шаляпин дүниеге келді;
1943 жылы мәнерлеп сырғанаудан кеңес және Ресей жаттықтырушысы Татьяна Тарасова дүниеге келді. КСРО еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1975);
1974 жылы британдық әнші Робби Уильямс дүниеге келді.
13 ақпанда Қазақстанда кім дүниеге келді:
1932 жылы кеңестік және қазақстандық балет әртісі, балетмейстер, педагог Заурбек Райбаев дүниеге келді. Қазақ КСР халық әртісі;
1936 жылы жазушы, очеркші, КСРО Журналистер одағы сыйлығының лауреаты Жанайдар Мусин дүниеге келді;
1937 жылы қазақстандық тележурналистиканың негізін қалаушы Марат Барманқұлов дүниеге келді;
1958 жылы бесінші сайланған Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты Жалғас Дүйсенғалиев дүниеге келді.
Ай күнтізбесі
Ай Торпақ белгісінде орналасады. Егер сізді бұрыннан қандай да бір ауру мазалап жүрсе немесе денсаулығыңызда бір кінәрат болса, бүгінгі күн ауруханаға баруға өте ыңғайлы, алайда мүмкіндігінше операция жасатпаған абзал. Сондай-ақ ұзақ мерзімді емдеуді бастай берсеңіз болады, ол міндетті түрде оң нәтижемен аяқталады.
sputniknews.kz