атаулы даталар, тарихи оқиғалар, танымал есімдер

0
119

Григориан күнтізбесінде 152-ші күн, жыл соңына дейін 213 күн бар.

1 маусымда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

1 маусымда қандай қызықты оқиға болды

Бүгін – Халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл мереке 1950 жылдан бастап аталып өтеді. Оның мақсаты – балаларға жақсы көңіл-күй сыйлау ғана емес, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселесіне қоғамның назарын аудару.

Сондай-ақ бүгін Бүкіләлемдік ата-аналар күні аталып өтеді. Бұл мереке 2012 жылдың қыркүйегінде БҰҰ Бас Ассамблеясының 66-шы сессиясында бекітілген болатын. 2013 жылдан бастап мейрам жаздың алғашқы күні – 1 маусымда тойланады. Ата-аналар күні бүкіл әлемнің тұрғындарына адамзатқа ортақ құндылықтарды еске салып, оларды берік және үлгілі отбасының негізі ретінде қалыптастыруды көздейді.

Бұдан бөлек, бүгін – Дүниежүзілік сүт күні. Көптеген елдер бұрыннан ұлттық сүт фестивальдерін өткізеді, ал Дүниежүзілік сүт күні тек 2001 жылдан қана аталып өтеді. Сүт мерекесін 1 маусымға белгілеуді БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы ұсынды. Бұл мейрамды әлемнің 45-тен астам елі тойлап жүр. Әр мемлекетте түрліше аталып өтеді. Сүт мерекесінің арқасында адамдар дұрыс тамақтанудың қажеттілігін түсінеді. Ал дұрыс тамақтанудың маңызды элементтерінің бірі сүт болып қала беретіні анық.

1 маусымда әлемде болған тарихи оқиғалар

1858 жылы алғашқы канадалық тиындар әзірленді;

1862 жылы АҚШ-тың бүкіл жерінде құлдыққа тыйым салынды;

1925 жылы америкалық Chrysler («Крайслер») автомобиль компаниясы ашылды;

1938 жылы Action Comics комикстер журналының алғашқы нөмірі шықты.

1 маусымда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1946 жылы КСРО Ғылым академиясының қазақ бөлімшесі негізінде қазіргі Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы ашылды;

1994 жылы қазақ жазушысы Оралхан Бөкей тұрған Алматының Жамбыл көшесінде мемориалды тақта орнатылды;

1997 жылы Францияда ұлы қазақ жазушысы Мұхтар Әуезовтің туғанына 100 жыл толуына орайластырылған Қазақстан күндері өтті;

2007 жылы Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа «Әлем елшісі» атағын беру туралы шешім қабылданды;

2010 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен елордадағы ҚР Тұңғыш Президенті мұражайы алдындағы саябақта Жәнібек пен Керей хандардың монументалды мүсіндік-көркем композициясының салтанатты ашылу рәсімі болды;

2017 жылы Семей қаласындағы бұрынғы Интернациональная көшесіне белгілі ғалым, абайтану ғылымының негізін қалаушы, Қазақстанның алғашқы мемлекеттік әнұраны мәтінінің авторы Қайым Мұхамедхановтың есімі берілді;

2017 жылы «Нұрлы жол» жаңа вокзал кешені алғашқы пойыздарды қабылдай бастады.

1 маусымда дүниеге келген танымал тұлғалар

1804 жылы композитор, орыс классикалық музыкасының атасы Михаил Глинка дүниеге келді;

1926 жылы америкалық актриса, әнші және модель Мэрилин Монро дүниеге келді;

1937 жылы америкалық актер Морган Фримен дүниеге келді;

1973 жылы неміс моделі, актриса  Хайди Клум дүниеге келді.

1 маусымда Қазақстанда кім туды

1939 жылы домбырашы, күйші, профессор, Қазақстанның халық әртісі Бақыт Қарабалина дүниеге келді;

1940 жылы әдебиет зерттеушісі, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген техника және ғылым қайраткері Рымғали Нұрғалиев дүниеге келді;

1950 жылы әнші, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қайрат Байбосынов дүниеге келді;

1959 жылы актер, театр режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мұрат Ахманов дүниеге келді. Ол «Елбасы жолы. Астана» фильмінде Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін сомдады;

1962 жылы парламент мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Торпақ белгісінде орналасады. Бүгін күн қолайсыздау болады, жағымсыз энергиядан арылуға тырысу керек. Жәрдемге мұқтаж жандарға көмектесіңіз.



sputniknews.kz