атаулы даталар, тарихи оқиғалар, танымал есімдер

0

12 мамырда не болғанын білесіз бе? Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

12 мамырда әлемде қандай қызықты оқиға болды:  

Бүгін әлемде Медбике күні аталып өтеді. Медбике қызметі 12 мамырда Қырым соғысы тұсындағы (1853-1856) атақты ағылшын әйелдерінің бірі Флоренс Найтингейлдің туған күнінде құрылды. Сол уақыттан бері жыл сайын 12 мамыр күні әлемде Халықаралық медбике күні аталып өтеді. Бүгінгі мейрамды пайдалана отырып, біз ең ізгі мамандық өкілдері – медбикелерге алғыс айтып, мерекемен құттықтаймыз. Алғашқы медициналық білім алған адамдар ғана медбике бола алады, олар науқастарға күтім жасау үшін дәрігердің нұсқауларын орындайды. Бұл дегеніңіз, бүкіл емделу кезеңінде науқаспен жұмыс істейтін дәрігерлердің көмекшілері деген сөз.

Жыл сайын 12 мамырда Ресейде және ТМД-ның басқа елдерінде экологиялық білім беру күні аталып өтеді. Бұл мереке 1991 жылы құрылды, оның мақсаты – барлық ғылымда және адам қызметі салаларында экологиялық білімді өзектендіру. Бұл күні әртүрлі экологиялық акциялар мен іс-шараларды өткізу әдетке айналған. Табиғатты қорғау тақырыбына арналған балалар шығармашылығының көрмелері, конференциялар мен конкурстар экологиялық білім беру күніне орайластырылады. Қоршаған ортаны қорғау іс-шаралары да өткізіледі –  саябақтар, өзен-көлдердің жағалауы тазартылып, көгалдандырылады.

Бүгін сондай-ақ Чебурашканың туған күні. Чебурашка – 1966 жылы жазушы Эдуард Успенский ойлап тапқан кейіпкер. Ол артқы табандарымен жүретін, салпаңқұлақ, көздері үлкен және шашы қоңыр тіршілік иесі.

1969 жылы экранға «Крокодил Гена» мультфильмі шыққаннан кейін кеңінен танымал болды.

 12 мамырда әлемде болған тарихи оқиғалар:  

1931 жылы Қытай халықтық жиналысы 1 маусымда күшіне енген конституцияны қабылдады;

1935 жылы Американың Огайо штатындағы Акрон қаласында  маскүнемдердің алғашқы жасырын клубы құрылды;

2005 жылы Өзбекстанда Әндіжан оқиғасы болды;

2008 жылы 69 197 адам қаза тапқан Сычуань жер сілкінісі болды, 18 мыңға жуық адам із-түзсіз жоғалып кетіп, 288 431 адам жарақат алды;

2017 жылы әлемнің 150-ден астам елінде Microsoft Windows-тың 200 мыңнан астам компьютерін зақымдаған WannaCry желілік құртжегісі тарала бастады.  

12 мамырда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар:

 1995 жылы Ақтөбе қаласында көшеге ақын Сағи Жиенбаевтың есімі берілді;

1995 жылы Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы елшілігі ашылды;

2000 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Нұр-Сұлтандағы резиденциясында Нобель сыйлығының лауреаттарын қабылдады;

2007 жылы Қазақстан, Ресей, Түрікменстан басшылары Орталық Азиядағы газ тасымалдау нысандарын дамыту туралы бірлескен декларация қабылдады;

2017 жылы Өскеменде Литва Республикасының консулдығы ашылды.

12 мамырда дүниеге келген танымал тұлғалар:

1907 жылы америкалық театр және кино актриса Кэтрин Хепберн дүниеге келді («Долгий день уходит в ночь», «Угадай, кто придет к обеду?», «Лев зимой» фильмдері). Төрт «Оскар» алды.  

1933 жылы кеңес және грузин актері Гиви Берикашвили дүниеге келді. Грузин КСР халық әртісі (1979).  

1937 жылы стэнд-ап камеди жанрындағы америкалық комик, актер, жазушы, сценарийші, продюсер Джордж Карлин Джордж дүниеге келді. Төрт «Грэмми» жүлдесінің және Марк Твен сыйлығының иегері. 5 кітаптың және 20-дан астам музыкалық альбомның авторы, 16 фильмге түсті;

1983 жылы ресейлік спортшы (көркем гимнастика), қоғам және саяси қайраткер Алина Кабаева дүниеге келді. 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап – «Национальная Медиа Группа» холдингі директорлар кеңесінің төрағасы.

12 мамырда Қазақстанда кім дүниеге келді:   

1879 жылы қоғам және саяси қайраткер, «Алаш» қозғалысының қайраткері, қазақтан шыққан тұңғыш теміржол инженері, тарихшы Мұхамеджан Тынышпаев дүниеге келді;

1906 жылы драматург, киносценарийші Шахмет Құсайынов дүниеге келді;

1924 жылы Қазақстанның халық ақыны, айыскер, Қазақстанның ақындар мен дастаншылар одағының алғашқы президенті Көкен Шәкеев дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына қатысқан;

1930 жылы жазушы, журналист Әнуар Әлімжанов дүниеге келді;

945 жылы Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов дүниеге келді;   

1948 жылы Қазақстан Республикасының мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан тарихындағы алғашқы әйел елші, Қазақстанның БҰҰ-дағы алғашқы тұрақты өкілі Ақмарал Арыстанбекова дүниеге келді;

1949 жылы әнші, «Гүлдер» республикалық эстрадалық ансамблінде қазақ халық әндерін орындаушы  Қапаш Құлыш  дүниеге келді;

1954 жылы  ақын, жазушы  Ербол Шаймерден дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Арыстан белгісінде орналасады. Күн эмоциялық тұрғыда өте ауыр болады. Жақсы ойластырылған және мұқият жоспарланған істі ғана бастау керек, әйтпесе қиындықтар туындауы мүмкін.  Қанша маңызды болса да, туыстарыңыздан басқа адамдармен кездесуді жоспарламаңыз, бұл қарым-қатынас сізге сәттілік әкелмейді.



sputniknews.kz