Атаулы әлеуметтік көмекті есептеудің түйткілді тұстары
Осы талаптың атаулы әлеуметтік көмекке де қатысы бары сөзсіз. Өйткені ол жүздеген отбасы тұрмысының жақсаруына жәрдем беріп келеді.
2018 жылғы 5 қарашада Мәжілісте «Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті енгізу барысы туралы» тақырыбында Үкімет сағаты өтіп, сол жерде Ауылшаруашылығы министрлігінің өкілі әлеуметтік көмек алу туралы қойылған сұраққа жауап бере алмады. Сондықтан Премьер-Министрдің орынбасары – Ауылшаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеевтің атына сауал жолдап, осы сұрақты қоюымызға тура келді.
Атаулы әлеуметтік көмекті алуға үміткер аз қамтылған отбасылардың жиынтық кірісін есептеудің қолданыстағы әдістемесіне сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа кірісін есептеуде жеке қосалқы шаруашылықтан (ЖҚШ) алынған кірістер ескеріледі.
Бұл ретте жоғарыда аталған әдістемеде көзделген, жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін кірістерді есептеу бойынша көзқарастар 2005 жылдан бері қайта қаралмаған, бұл казіргі жағдайда атаулы әлеуметтік көмекті алуға үміткерлер кірістерінің мөлшерін асыра ұлғайтуға немесе кемітуге алып келеді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өз тарапынан Ауыл шаруашылығы министрлігіне тиісті ұсыныстарды қарау және бекіту үшін тапсырып қойғанын мәлімдеп отыр.
Осыған байланысты анықтағымыз келетіні – атаулы әлеуметтік көмек тағайындауда Ауыл шаруашылығы министрлігінде жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін жиынтық кірісті есептеудің қолданыстағы әдістемесін жаңарту және қайта қарау үшін қандай шаралар қаралып жатқандығы, қай мерзімге дейін ол шаралар қолданысқа енетіні.
Байділда ЖЫЛҚЫШИЕВ,
Мәжіліс депутаты