атаулы әлеуметтік көмек мөлшерінің калькуляторы
Қысқа сілтеме алу
Атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін есептейтін онлайн-калькулятор іске қосылды
НҰР-СҰЛТАН, 1 сәуір — Sputnik. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атаулы әлеуметтік көмек көлемін есептеу үшін онлайн-калькулятор іске қосты, деп хабарлайды Elorda Aqparat.
Оны ведомствоның ресми сайтынан табуға болады.
Атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін есептеу үшін отбасы мүшесінің саны, жиынтық табыс пен еңбекақы мөлшерін нақты көрсету керек. Сондай-ақ алимент, кәсіпкерлік қызметтен, жылжымайтын мүлік пен көлік құралдарын жалға беру мен сатудан түскен табыстар есептелінеді.
Төлем мөлшерін есептеу кезінде 18 жасқа дейінгі бала мен 23 жасқа дейінгі студент саны ескеріледі.
Тағы оқыңыз: Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін не істеуге болады?
Атаулы әлеуметтік көмек — аз қамтылған, көп балалы және табысы төмен отбасына берілетін ақшалай төлем.
Еске сала кетсек, Қазақстанда 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап АӘК көрсету мөлшері күнкөріс деңгейінің 50%-нен 70%-не дейін көтеріледі. Бұған дейін төлем мөлшері отбасының әрбір мүшесіне 4 834 теңгені құраған. Осы айдан бастап, әр балаға 20 789 теңге төленеді.
sputniknews.kz