Атақты телеарналардың бірі Қазақстандағы жұмысын тоқтатты

0
31

СТВ арнасы 1 қаңтардан бастап хабар таратуды тоқтатады. Себебі «Алаш Медиа тобы» холдингі телеарнаны қаржыландыруды тоқтатты.

15 желтоқсанда телеарна қызметкерлеріне «Алаш Медиа тобы» холдингі қаржыландыруды тоқтатқаны туралы хабарланды. Арна жойылады. Қазір штатта 50-ге жуық адам бар.

СТВ басқармасының хабарлауынша, заңнамаға сәйкес кәсіпорынның таратылуына байланысты барлық қызметкерлер жұмыстан шығарылады.

Orda.kz редакциясы СТВ телеарнасы бас директорының орынбасары Святослав Тарасовпен байланысып, арнаның жабылғанын растады.

«Медиа-холдинг телеарнаның рейтингі төмен және тиімсіз, перспективалары жоқ болғандықтан осындай шешім қабылдады», – деді Тарасов.

http://t.me/orda_kz

Фото: d-russia.ru