Атақты шахматшы үсіктен қайтыс болды

0

Pravda.ru сайтының мәліметінше, Мәскеуде Халықаралық шахмат федерациясының мүшесі Эдуард Дубов үсіктен қайтыс болған.

Сенбі күні таңертең Профсоюзная көшесінде ер адам аяздан үсіп қалып, ауруханаға жеткізілген. Жексенбі күні танымал шахматшы есін жимастан, қайтыс болған.

«Қайтыс болған ер адамның аты-жөні анықталды. Ол – 1938 жылы 27 сәуірде өмірге келген Дубов Эдуард Львович», – деді агенттік қызметкерлері.

Эдуард Дубов – атақты математик, халықаралық шахмат федерациясының мүшесі (FIDE), Мәскеу шахмат федерациясының бұрынғы президенті . Оның 22 жастағы немересі Даниил Дубов та –  әлемдегі ең танымал шахматшылардың бірі.

«Айқын» ақпарат

Дереккөз: Айқын