Атақты әзілкеш қазақ тілін қолдамайтын депутаттарды сынға алды

0
585

Атақты әзілкеш, театр және кино актёры Алмат Сакатов әлеуметтік желіде оқырманды ойландыратын бір бейнежазба қалдырды. Актёр қазақ бола тұра, қазақты ойламайтын  депутаттарды сынға алды.

Мен өзім пойызбен көп жүремін. Жақында Семей-Қызылорда деген пойызбен келдім. Сонда 13 вагонның 10 вагоны толған орыстар. Қолдарында үлкен жүктері бар. Жанында 8-10 жастағы балалар. Каникул емес, сонда қайда келе жатыр? Вокзалға түстім, вокзал толған орыстар. Мен 107 депутаттың ішінде қазақ тілін қолдамай отырған сәл есалаңдау саясаткерлерге айтайын деп отырмын. Есі дұрыс емес саясаткер, елді есуас қылады. Сіздердің бірінші міндеттеріңіз — қазақ мәдениетін, тілін ойлау. Кезінде Уинстон Черчиль соғыс кезінде алдына мемлекеттік бюджетті алып келіпті. Сонда Черчиль  «Мәдениетке бөлінген бюджет қайда?» деп сұрапты. «Қайдағы мәдениет, қазір соғыс болып жатыр ғой» десе, «Сонда біз не үшін соғысып жатырмыз?» деген екен.

Ертең кеш болып қалады ғой, қазірден бастап ойлансаңыздаршы», — деді Алмат Сакатов видеода.

(Фото видеодағы скриншот)