“Атақтарың дардай, ұят емес пе?” — Мақпал Жүнісова Музарт тобының жігіттерін сынап тастады

0

Әнші Мақпал Жүнісова Музарт тобының жігіттеріне тиесілі студияны әлеуметтік желідегі сторисінде сынға алды.

«Құрметті, Музарттың атақты жігіттері! Мейрамбек Беспаев, Кенжебек Жанәбілов, Сәкен Майғазиев мырзалар, студияларыңыз өте тозған, баспалдақтан құлап қала жаздадым, қабырғаның бәрі тесік, ауа жоқ, өте жаман болып кеткен. Сіздер өз үйлеріңізді ғана емес, халық келетін жерді, дауыс жазатын әншілерді құрметтеп, студияларыңызды тезірек жөндеңіздер. Ұят емес пе? Атақтарың дардай, үйлерің осындай болса, тұрмас едіңдер. Біз келіп жаңа ән жазып кеттік. Бірақ сіздер үшін ұялып тұрмын. Бір апта немесе бір айдан кейін тағы бір ән жазуға келемін, жөндеп қойыңыздар енді. Мен сендерге сенемін», — деді әнші.

фото: stan.kz