Атақ үшін қырылысқан талай көкелерімізді көрдік
Бесбаев бір кездері атақ пен орденге таласқан талай өнерпаздарды көрген.
Мейрамбек Бесбаев өнердегі қарындасы Мөлдір Әуелбекованың “Құрмет” орденін алғанына қуанышты. Оның пікірінше, Мөлдір бұл марапатқа әбден лайық. Бесбаевтың айтуынша, бұрындары әртістерге келгенде аянып қалатын үкімет бүгінде сый-сыяпатты аямайды. Бұл қуанышты жайт, дейді өнер иесі.
Бұл туралы Stan.kz 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына сілтеп хабарлайды.
“Бұрынғы заманда өлейін деп жатқанда не болмаса өлгеннен кейін беретін бұл атақты. Бірақ Құдайға шүкір, қазір өзіміздің мемлекетіміз бар. Өзімізде шығып жатқан алтын қыздарға неге қимаймыз соны? Неге бермеске? Еңбегі бар, ел алдында жүр, не болса соны айтып жатқан жоқ. Сондықтан әбден болады. Әріптестер үшін де, өнер адамдары үшін де бұл құрмет. Үкімет бағалап жатса… Ал кейін қартайғаннан кейін бұның керегі де жоқ”, – дейді Мейрамбек.
Бесбаев бір кездері атақ пен орденге таласқан талай өнерпаздарды көрген.
“Талай-талай осы атақ үшін қырылысқан да көкелерімізді көрдік, бір-бірінің жолын кесіп кеткен адамдарды да, өкпелі адамдарды да көрдік. Сонда әттеген-ай, не болды сонша, біздің үкімет қимады ма екен деген де ойлар болды. Бірақ әрине, атақ үшін жұмыс істемейсің ғой. Елің үшін еңбек етесің. Бірақ үкіметтен еленген кезде тағы да бір жауапкершілік болатын сияқты. Мен осыған лайықтымын ба, жоқ па деген сияқты. Ол адам түзу жүруге, айылын тартып жүруге, тәртіпті жүруге тырысады. Сондықтан өте қуаныштымын. Бірталай өнерпаздарды құрметтеп, жыл сайын марапаттап жатады. Еңбектері елене берсін”, – дейді Мейрамбек.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/