Атамқұлов отандық жерсеріктің қашан шығатынын айтты
Фото: интернеттен
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан 2022 жылдары отандық жерсерігін шығаруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов Үкімет кулуарында мәлімдеді.
4 желтоқсан күні 00:32 минутта Қазақстан Калифорнияда ғарыш жүйесіне ғылыми-технологиялық мақсатта KazSciSat және KazSTSAT атты екі жерсерігін ұшырды. Министрдің айтуынша, жерсеріктері белгіленген орбита нүктесіне шықты.
Жерсеріктердің қозғалысын бақылайтын Астана мен Алматыдағы арнайы станциялар төрт сигналды қабылдаған. Алғашқы қазақстандық жерсерігін «Қазақстан Ғарыш Сапары» «Ғалам» кәсіпорнымен бірлесе, ал екінші жерсерігі британиялық серіктестермен бірге әзірленген.
«Жерсеріктердің арқасында біз қазақстандық инженерлердің әзірлемесі ғарышта қалай жұмыс істейтінін зерттей аламыз. Болашақтағы жерсеріктерге қазақстандық құрастырушыны барынша қолданамыз. Бізде 50% дейін жеткізу міндеті тұр және жұмыс істей береміз. Әріптестеріміз қазір барлық алыстан өлшеу және технологиялық параметрмен жұмыс істеп жатыр», — деді ол.
Ол министрліктің болашақта қазақстандық жерсеріктерді шығаруды мақсат етіп отырғанын айтты. Бүгін ұшырылған жер серіктері қазақстандық әзірлемелердің ғарышта жұмыс істеуі үшін жіберілген. Оның айтуынша, 2022-2023 жылдары тек қазақстандық әзірлемелер қолданылатын болады.
«Қазақстан Ғарыш Сапары» мен «Ғалам» құрылымында 150-ден астам инженер жұмыс істейді. 34 адам оқудан өтіп, әлемдік ғарыш орталықтарында тағылымдамадан өтті. Бүгін біз ғалымдарымыз бен инженерлерімізді өсіріп отырмыз. Негізгі базаны «Болашақ» түлектері құрайды», — деді Атамқұлов.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Дереккөз: BAQ.KZ