«Атамекен» ҰКП-ның экс-төрағасы мемлекетке 4,3 миллиард тенге қарыз

0

Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Асқар Мырзахметовтың туған ағасы бұрын сотталған Абылай Мырзахметов болып табылады. Ол 2003 жылы бірнеше миллиардтық ұрлық үшін тек 5 жыл шартты мерзімге үйқамаққа жіберілген еді. Борышкерлер тізілімінің деректеріне сәйкес, ол әлі күнге дейін 4.3 млрд теңгеге жуық қаржыны өтемеген. Тіпті 2013-2022 жылдар аралығында «Атамекен» ҰКП Төрағасы болды. Сұрақтар көп. Құзыретті органдар қайда қарайды? Неліктен ол ұрланған ақшаны қайтармайды? Неліктен бірнеше миллиардтық ұрлық үшін шартты мерзім берілді? Үкім қашан қайта қаралады?

@egovpress
Фото: Турар Казангапов/ tengrinews.kz