Атамбаевтың ұсталуы жайлы. Оқиға орнынан видео жарияланды — Қазақстан жаңалықтары

0

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтің Қой-Таш ауылындағы үйінде атыс болды, деп хабарлайды Stan.kz

Акипресс жазуынша, 100-ден астам жақтастар бұрынғы президенттің үйінің қақпасына жиналып, көліктерді өткізбей қойды. Ағаштарды кесіп, қақпаның алдын қоршап тастаған. 

Арнайы жасақ жиналғандарды тоқтату үшін әуеде оқ атқан. Бірақ адамдар Атамбаевтың үйіне баса көктеп кіріп, олар керісінше көбейе түскен. 

24.kg агенттігінің мәліметінше, шабуыл кезінде жараланғандардың саны 10 адамнан асып, бір адам қайтыс болды. Арнайы жасақтан құралған сарбаздар Атамбаевты ұстап, оны белгісіз жаққа алып кеткендігі туралы ТАСС каналына Атамбаев штаб-пәтерінің өкілі айтқан. 

Оның айтуынша, осыдан кейін түсірілім Атамбаевтың үйінде жалғасқан. Атамбаевтың ұсталғандығы туралы ресми растау болған жоқ.

Бұған дейін Жогорку Кенеш елдің экс-президенті Алмазбек Атамбаевтан тиіспеушілік мәртебесін алып тастау туралы шешім қабылдаған еді. 

Сонымен қатар, Атамбаевқа қатысты депутаттар тарапынан тағылған айыптарды зерттеу бойынша арнайы депутаттық комиссия құрылған болатын.

Комиссия жұмысының нәтижесінде экс-президентке 6 бөлім бойынша айып тағу туралы шешім қабылданды. Алайда Бас прокуратура комиссияның жұмысын заң тұрғысынан бағалай келе, тек бес бөлімді қалдырды. Осылайша, Атамбаев Қой-Таш ауылынан жер телімін заңсыз сатып алып, үй салу, қылмыс әлеміне танымал Азиз Батукаевты қамаудан босатуға заңсыз бұйрық шығару, «Форум» ғимаратын Субихи Пархатиге жалған сату, Бішкек қаласының Жылу электр орталығын қайта құру және ол үшін көмір сатып алу кезіндегі жемқорлық әрекеттер бойынша күдікке ілініп отыр. 

Атамбаев үш рет ІІМ-ге ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі Батукаевты босату ісі бойынша жауап алуға шақыртылған. Алайда ол бармаған.

stan.kz