Атамбаевты ұстау операциясында жараланған арнайы жасақ өкілі қаза болды

0

Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігі Кой-Ташта елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты ұстау операциясы кезінде жараланған арнайы жасақ өкілі алған жарақаттан көз жұмғанын хабарлады. Министрліктің дерегінше, операция кезінде 36 адам жараланған, олардың 15-і — арнайы жасақ қызметкері.

Дәрігерлердің сөзінше, көз жұмған арнайы жасақ қызметкерінің жүрегіне оқ тиген. Ол ауруханада қайтыс болған.

7 тамызда Бішкек уақытымен кешкі сағат сегіз шамасында арнайы жасақ экс-резидент Алмазбек Атамбаевты ұстау операциясы бастаған. Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті операция әлі жалғасып жатқанын хабарлады. Атамбаев жақтастарының сөзінше, бұрынғы президент үйінің ішінде отыр.

Оқи отырыңыз: Атамбаевты ұстау операциясы жайлы негізгі ақпараттар

27 маусымда Қырғызстан парламенті Алмазбек Атамбаевты экс-президент және тиіспеушілік мәртебесінен айырған. Кейін ІІМ Атамбаевты тергеуге шақыра бастады.

Қырғызстанның бұрынғы президентіне қызметте жүріп жемқорлыққа жол берді, өкілетін асыра пайдаланды және заңсыз байыды деген сияқты жалпы саны бес айып тағылған. Атамбаев бұл айыптардың бәрін жоққа шығарып, үстінен қозғалған істің саяси астары бар деп мәлімдеген.

Azattyq