Атамбаев: Қырғызстан билігі Бәкиевтің жолымен бара жатыр — Жаһан
Қырғызстанның экс-президенті, ҚСДП лидері Алмазбек Атамбаев Интернетте Сооронбай Жээнбековтің сайлау штабының миллиондаған шығындары туралы құжаттардың жарияланғанына қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды 24.kg.
Алмазбек Атамбаевтың «Апрель» телеарнасында шыққан сұхбатының бір бөлігі Facebook желісінде жарияланды.
Телеарна жүргізушісі президент Сооронбай Жээнбековтің сайлау штабының миллиондаған ақша жұмсағаны туралы Интернетте пайда болған жасырын бухгалтерия жайында не дейтінін сұрады. «Жарияланған құжатта саясаткерлердің есімі, сайлауалды кампанияға 24 миллион доллар жұмсалғаны барлығын таңғалдырды», — деді журналист.
«Бухгалтерия жайында тек штабтың бухгалтері білді. Бүгінде ол ақысыз демалысқа шығып, басқа елге кетіп қалды. Ол өз өмірінің қауіпсіздігіне алаңдайды, себебі менің ойымша, қазіргі билік Бәкиевтердің жолымен кетіп бара жатыр. Ол кетіп қалды», — дейді мемлекет басшысы.
Оның ойынша, егер экс-президент Алмазбек Атамбаевтың кеңесшісі Икрамжан Илмиянов сотталмағанда мұндай құжаттар жарияланбас еді.
«Олар кінәсі жоқ адамдарды алды да соттап жіберді: Кубан Кулматов (ҚР Мемлекеттік кеден қызметінің бұрынғы басшысы), Сапар Исаков (ҚР экс-премьер-министр) және былай дейді: Біз кез келгенін отырғызамыз. Керек болса өлтіреміз де». Сол себепті адамдар өз өмірі үшін алаңдаулы. Илмиянов қамауға алынбағанда ештеңе де болмас еді, ешқандай құжат жарияланбас еді. Бұлар өзінің шынайы келбетін көрсетпес пе еді. Мені таңғалдыратыны — біз әдейі қор шектеулерін алып тастадық. Ол егер де таза ақша болса, оны неге көрсетпеске? Барлық ақша осы. Бұл әрине көңілге қаяу түсіреді», — деді Атамбаев.
15 қарашада бұрынғы премьер-министр Сапар Исаковтың адвокаты әлеуметтік желіде сайлауалды штабының кассасын жариялаған. Онда миллиондаған шығындар соммен және доллармен көрсетілген.
«Мені сатқын дейді». Жээнбеков Атамбаевпен қарым-қатынасы жайлы айтты