Атамбаев Путинмен кездесуден кейін мәлімдеме жасады

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Путин Ресей мен Қырғызстан дос әрі серіктес екенін атап өтті. Алайда ішкі мәселелерді елдің өзі шешуі керек

АЛМАТЫ, 25 шілде — Sputnik. Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуі туралы айтты. Олар 24 шілде күні Кремльде жолыққан болатын.

Алмазбек Атамбаевтың мәлімдемесімен оның жақтастары бөлісті, — деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

«Ресей Қырғызстанның досы әрі стратегиялық әріптесі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Алайда елдің ішкі мәселелерін біз өзіміз шешеміз», — деді саясаткер.

Мәлімдемеде түрлі мәселе бойынша келіспеушілікті шешу үшін екі тарап та өз үлесін қосуы керек екені айтылған.

«Билік сотта істі қараған кезде әділдік танытуы керек. Қарсыластарды саяси қудалауды тоқтатқан дұрыс. Жээнбеков тарапынан осындай қадамды көрген кезде оппозицияның күн тәртібі бірден өзгереді», — деді Қырғызстанның экс-президенті.

Оның айтуынша, бұл әдіс елдегі саяси ахуалды жақсартуға сеп болады.

Тағы оқыңыз: Мың жарым милиция қызметкері Атамбаевты күшпен ұстауға дайындалып жатыр

«Жээнбековтың ел игілігі үшін жұмыс істей бастағанын және оппозицияның сайлауға дайындалып жатқанын көрген кезде ғана халық тыныштанады. Саяси тұрақтылық орнайды. Біз билік тарапынан нақты іс-әрекетті қыркүйек айына дейін күтеміз», — деді Атамбаев.   

Еске сала кетсек, 13 маусым күні Қырғызстан парламенті арнайы комиссия құрған болатын. Комиссия Алмазбек Атамбаевтың алты қылмысқа қатысы бар болуы мүмкін деген қорытынды жасады. 20 маусым күні Жогорку Кенеш бұл қорытындыны мақұлдап, Бас прокуратураға жіберген.



sputniknews.kz