Атамбаев арнайы операция кезінде ұсталды ма – ресми түсініктеме

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

10 0 0

Әлеуметтік желіде саясаткер Таш-Мойнок ауылында ұсталды деген ақпарат тарап кетті

НҰР-СҰЛТАН, 3 сәуір – Sputnik. Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті экс-президент Алмазбек Атамбаевтың ұсталуы туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Комитеттің баспасөз қызметі арнайы операция кезінде Таш-Мойнок ауылында Алмазбек Атамбаев ұсталды деген ақпараттың жалған екенін хабарлады.  

«Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті жалған ақпараттың таралуын деструктивті күштердің қоғамды жаңылыстыру әрекеті деп бағалап отыр. Комитет бұл оқиғаға қатысы бар тұлғаларды анықтайтын болады»,- деп жазылған хабарламада.

Комитет жалған ақпарат тарату үшін Қырғызстан заңнамасы бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.



sputniknews.kz