«Ата, әжесінің тұңғыш немересі»: Ерке Есмахан босанғаннан кейінгі жағдайын айтты

0

Еске Есмахан екінші рет босанғаннан кейінгі жағдайы туралы айтты. Ол бұл туралы Instagram парақшасында бөлісті. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер жұлдызы жағдайының бірқалыпты екенін, әлі перзентханадан шықпағанын айтты.

«Қазір бақытты сәттер мен ерекше сезімдерді бастан өткізіп жатырмыз. Әрине тәтті күндер мен ұйқысыз түндер де қалыс қалар емес. Әсіресе түнде әкесі екеуміздің жағдайымыз мәз емес болайын деп тұр. Әзірге перзентханадамыз. Жағдайымыз Аллаға шүкір керемет. Бұйыртса 1-2 күнде үйге қайтамыз», — деп жазды әнші.

Бұнымен қоса әнші ұлы ата-әжесінің тұңғыш немересі екенін де тілге тиек етті.

«Байбақты елінің ұрпағы. Атасы мен әжесінің тұңғыш немересі», — деді Ерке Есмахан.

Оның сөзінше, жұбайы ұлына ерекше махаббатпен қарап жүр.

«Бөпені еркелетіп, бағып, қасына ешкімді жолатпай, көтеріп қолға үйретіп жүрген кім екенін байқаған шығарсыздар, иә? Қызықтар алда бұйыртса, өзі көре жатыр», — деді ол.

Бұған дейін Ерке Есмаханның босанғанын жазған болатынбыз.