Ата-анасы жауапкершілікке тартылды: Түркістан облысында сегізінші сынып оқушысы коронавирус туралы жалған ақпарат таратқан — Қазақстан жаңалықтары

0

Түркістан облысының полицейлері коронавирус туралы жалған ақпарат таратқан жасөспірімді ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz портплына сілтеме жасап.

Түркістан

28 наурыз күні Кентау қалалық полиция бөліміне Қарнақ ауылында коронавирусты жұқтырғаны туралы әлеуметтік желі арқылы жалған ақпарат таратқаны туралы хабарлама келіп түсіпті. Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы (көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқан белгісіз адамды анықтау үшін полиция бөлімінде жедел-тергеу тобы құрылды. Осылайша жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Кентаулық полицейлер жалған ақпарат таратқан күдіктіні анықтап ұстады. Ол осы ауылдың тұрғыны жергілікті мектептің 8-сынып оқушысы болып шықты.

Жасөспірім қылмысын толық мойындады және істеген ісіне өкінетінін айтты. Бала ата-анасының қадағалауына беріліпті. Ересектермен тиісті профилактикалық әңгімелесу жүргізіліп, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылған

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері жалған ақпарат таратқаны үшін азаматтарға қылмыстық жауапкершілік қарастырылғаны туралы ескертеді.

 

stan.kz