Ата-анасы ұмытып кеткен: Көліктің ішінде екі кішкентай бала көз жұмды
Иранның батысындағы Керманшах қаласында екі кішкентай бала ыстықтан және тұншығудан көз жұмды. Бүлдіршіндерді ата-аналары екі сағаттан астам уақытқа автокөлікте жабық қалдырып кеткен.
«Бір-біріне немере ағасы мен қарындасы болып келетін 3 жасар қыз мен 4 жасар бала олардың біреуінің жанұясының иелігіндегі «Саманд» маркалы автокөлікте ата-аналарының қарауынсыз қалып қойған. Автокөлікке күн сәулесі түскен, балалар көліктен шыққысы келгенде, олар есіктің құлыптаулы екенін түсінген», — деді Керманшах провинциясының құқықтық тәртіп күштерінің өкілі Мохаммад Кесу Амуи.
Құқық қорғау органдарының қызметкерінің айтуынша, балалардың ата-аналары олардың жоқтығын екі сағаттан астам уақыт өткеннен кейін анықтаған. Кейінірек олар екі баланы машинада қозғалыссыз жатқан жерінен тапқан. Балалар дереу ауруханаға жеткізілді, бірақ оларды құтқара алмады.
Жергілікті метеорологтар қаладағы ауа температурасы 35 градустан асады деп хабарлайды.
stan.kz