Ата-анасы қызын сексуалдық құлдыққа сатып жіберген: Шымкент полициясы іс қозғады

0

Шымкенттегі дағдарыс орталығына келген қонақтардың бірі сексуалдық құлдықта 10 жыл өткенін айтқан соң полиция адам саудасы бойынша іс қозғады, деп хабарлайды кznews.kz сайты Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. оның барысында полиция қызметкерлері әйелдің әңгімесінің растығын тексереді.

«Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «Адам саудасы» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, оның аясында аталған мәліметтердің шынайылығы да тексерілІП ЖАТЫР. Тиісті сараптамалар тағайындалды», — деді Шымкент қалалық ІІД ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің бастығы Мөлдір Бекеева.

Еске салайық, 30 жастағы әйел ата-анасы оны 10 жасында жыныстық құлдыққа сатып жібергенін айтқан. Айтуынша, ол Өзбекстанда туған, ақшаның жоқтығынан ішімдікке салынған әкесі қызын жезөкшелер үйіне сатуға бел байлаған. Сөйтіп, Шымкентке түсіп, жеті жыл тұтқында болды.