«Ата-анасы бар ма?»: Асхат Тарғын төсін жалаңаштаған аруды жазалау керектігін айтты – новости Казахстана

0
118

Асхат Тарғын желіде сәукеле киіп, төсін жалаңаштаған бойжеткенге қатысты өз ойын жеткізді. Әнші бұған дейін атышулы аруды елден қууды ұсынған танымал журналистің үндеуіне қосылған деп жазады NUR.KZ.

Фото: Instagram, Коллаж: NUR.KZ

Фото: Instagram, Коллаж: NUR.KZ

Айта кетейік, бұған дейін сәукеле киіп, шешінген қазақ қызы халықтың ызасын тудырған болатын. Өзіне айтылған кері пікірлер салдарынан ару қоқан-лоққыға тап болып, желіге жылаған видеосын жүктеді.

Ал бүгін бойжеткен көптің күткен «кешірім видеосын» жүктеп, елді одан бетер ашуландырды. Ол бейнежазба басында елден кешірім сұрағандай болып, артынан әзілдеп тұрғанын айтты. Желідегілер арудың өзін мазақ қылып отырғанын жазып, оған ауыр сөздерді қарша боратқан.

Олардың бірі отандық журналист Бибігүл Дәулетбекқызы атышулы аруды елден қууды талап етіп, Ішкі істер министріліг мен Бас прокурорға үндеу жолдады.