Ата – аналармен атқаратын жұмыстарында сынып жетекшісінің қызметі
1. Ата – аналарды сыныптағы оқу тәрбие процесінің мазмұнымен және әдістемесімен таныстыру.
2. Ата – аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру.
3. Ата — аналарды балалармен бірге әрекетке қатыстыру.
4. Отбасы тәрбиесіне қатысты ата — аналарға педагогикалық — психологиялық кеңес беру.
5. Ата — аналар белсенділерімен жұмыс және ата — аналардың әртүрлі қоғамдық ұйымдарымен, жұртшылықпен өзара әрекеттесуі.
Ата — аналар жиналысының өтілу жоспары ———- оқу жылы
Ата – аналарға арналған сауалнама.
1. Балаңыздың аты — жөні._____________________________________
2. Балаңыздың туған жылы, күні ______________________________
3. Әкесінің аты — жөні.________________________________________
4. Туған жылы, күні._________________________________________
5. Жұмыс орны._____________________________________________
6. Анасының аты — жөні.______________________________________
7. Туған жылы, күні._________________________________________
8. Жұмыс орны._____________________________________________
9. Мекен жайыңыз, телефон _________________________________
10. Жанұядағы бала саны.___________________________________
11. Қай сабақтарды нашар меңгереді? ________________________
12. Қай сабақты сүйіп оқиды? _______________________________
13. Үйде сабақты қадағалайсыз ба? ___________________________
14. Балаңызды қандай үйірмеге қатысқанның қалайсыз? ________
Ата — ананың аты — жөні _____________________________________
Жауабыңызға рахмет.
Ата — аналарға арналған сауалнама.
«Сіздің балаңыздың қызығушылығы»
1. Балаңыздың аты — жөні._____________________________________
2. Балаңыз қандай ойындарды қалайды? ______________________
3. Спроттық ойындардың қандай түрлерін жақсы көреді? _______
4. Кіммен жиі ойнайды? ____________________________________
5. Балаңыз ұжымда өзін қалай ұстайды? ______________________
6. Отбасында бала тәрбиесімен кім айналысады? ______________
7. Сізді бала тәрбиесіндегі қандай жақтары қинайды? ___________
8. Тәрбиенің қандай әдісін қолдайсыз? _______________________
/көндіру, түсіндіру, қатал тәртіп қою, мадақтау, жазалау т. б. /
Ата — ананың аты — жөні _____________________________________
Жауабыңызға рахмет.
Ата — аналарға арналған сауалнама
1. Балаңыздың ең қызықты оқу пәні _________________________
2. Балаңыз үшін ең қиын оқу пәні ___________________________
3. Қандай кәсіби мамандыққа балаңыз икемсіз? _______________
4. Мінез – құлық ерекшеліктерін атаңыз? ______________________
5. Балаңыз не нәрсеге әуес? _________________________________
6. Балаңыздың оқу дәрежесі қандай? _________________________
7. Балаңыздың бойынан мына қасиеттерді көре аласыз ба?
/адал, ұстамды, сабырлы тәртіпті т. б./ _______________________
8. Үлкендерге балаңыздың көзқарасы қалай? __________________
9. Балаңызды қалай бағалайсыз немесе қандай баға бересіз? ____
10. Балаңыз мұғалім берген тапсырманы міндетті түрде орындай ма? __________
Ата — ананың аты жөні: ______________________________________
Жауабыңызға рахмет.
Ата — ана мен баланың қарым — қатынасындағы қаталдық көріністерін зерттеу.
1. Бала сізді тыңдамаса, не істейсіз?
а) оған айғайлайсыз;
ә) әңгімелесесіз, көндіресіз;
б) оның ақталғанына мән бермейсіз, үндемейсіз;
в) оны ұрып тастауыңыз мүмкін;
г) желкесінен ұрасыз;
д) оның кінәсін түсіндіруге ұмтыласыз;
е) басқаша іс — әрекет жасаймын (қандай) _______________________________
2. Сіздің көңіл — күйіңіз болмаса, өшіңізді балаңыздан аласыз ба?
а) жиі;
ә) сирек;
б) ешқашан;
в) айту қиын;
г) басқаша (қандай) _______________________________________________
3. Сіздің балаға айғайлауыңызға, қорқытып — үркітуіңізге, ұрып — соғуыңызға әкелетін себептерді көрсетіңіз:
а) тәрбиелеуге ұмтылу;
ә) балаға қатысты емес ашу туғызатын жағдайдан құтылу үшін;
б) әйеліммен (күйеуіммен) ұрысып қалғаным себепті;
в) балам бір нәрсені талап етеді, сұрайды;
г) балам мені ренжіткенде;
д) ұрып — соғу үшін;
е) өзімнің көзқарасыма оны сендіру үшін;
ж) түсіндіре алмаймын;
з) басқа себептер (қандай) _________________________________________
4. Сіздің кейде баланы ұрып — соғып, үйден қуып, қараңғы бөлмеге қамап қойғыңыз келген сәттер бола ма?
а) иә;
ә) жоқ;
б) ешқашан;
в) айту қиын;
г) басқа (қандай) ________________________________________________
5. Баланың күнәсі ауыр болған жағдайда қандай жаза қолданасыз?
6. Жазып көрсетіңіз:
Жасыңыз қаншада? _______________________
Отбасыңызда неше бала бар? _________________________________
Олардың жасын көрсетіңіз? _____________________________
7. Сіз бала кезіңізде ата — анаңызды тыңдамаған сәттерде, олар:
а) көндіргісі, сендіргісі келетін еді;
ә) үндемейтін;
б) желкемнен соғып қалатын;
в) ұрып — соғатын;
г) күш қолданатынын айтып қорқытатын;
д) басқаша __________________________________________
Сіз қандай ата — анасыз?
Сауалнама
1. Кез — келген ісіңізді тастай салып, баламен айналыса аласыз ба?
2. Балаңыздың жасына қарамай, онымен ақылдаса аласыз ба?
3. Балаңызбен қарым — қатынас барысында жасаған қателеріңізді мойындайсыз ба?
4. Өз қателігіңіз үшін балаңыздан кешірім сұрайсыз ба?
5. Балаңыздың ісі ашуландырған кезде, өзіңізді ұстап, ашуды жеңе аласыз ба?
6. Балаңыздың орнына өзіңізді қоя аласыз ба?
7. Бір сәтте сізге мейірімді адам деп сенуге болады ма?
8. Өзіңіздің басыңыздан өткен балалық шағыңыздан ескерілетін жағдай айтасыз ба?
9. Балаңыздың жүрегін жарақаттайтын сөздерді, сөйлем тіркестерін атамауға тырысасыз ба?
10. Балаңызға уәде беріп, жақсы мінез — құлқын ескере отырып, уәдеңізді орындайсыз ба?
11. Балаға қалаған ісін жасауға, өзін ұстауға кедергі жасамай бір күн еркіндік бересіз бе?
12. Басқа бала сіздің балаңызға дөрекілік көрсетсе, себепсіз ренжітсе көңіл аудармайсыз ба?
13. Балаңыздың көз жасы, дөрекі еркелеуі уақытша екенін білесіз, соған қарсы тұра аласыз ба?
Жауабы:
1. Әрқашан жасаймын, келісемін – 3 ұпай
2. Кейде ғана келісемін – 2 ұпай
3. Келіспеймін – 1 ұпай
• 0 — 16 – Бала тәрбиесі – сіз үшін үлкен проблема. Бала тұлғасын дұрыс қалыптастыру
үшін педагог немесе психолог мамандардың көмегіне сүйеніңіз.
• 17 — 30 – Балаға қамқорлық жасау – бірінші кезектегі маңызды іс. Сіздің бойыңызда
тәрбиелік қабілет бар, тәжірибеде әрқашан бір қалыпты, бір бағыттағы мақсатпен
әрекет етесіз. Кейде қатал, кейде мүлдем жұмсақсыз. Сізге жауапкершілікпен ойлану керек.
• 31 — 39 – Бала сіздің өміріңіз үшін ең құнды болғаны. Сіз балаңызды тек
түсініп қана қоймай, әрі ойын тануға, сыйлы көзбен қарауға тырысасыз.
Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты — балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдыретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты — тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні — өз ұрпағы. Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата — ана алдында нәзік те қиын, қыр — сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол — бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата — ана. Бала үшін үй ішінен, ата — анадан артық тәрбиеші жоқ.
Дереккөз: http://bilimdiler.kz/