«Ата-аналар комитеті — ең бір сүйкімсіз орган» — Аятжан Ахметжан
ТикТок әлеуметтік желісіндегі парақшасында QazBilim мектептерінің басшысы, білікті ұстаз Аятжан Ахметжан өзі басқарып отырған білім ошақтарында ата-аналар комитетіне қатысты сұхбатын жариялады деп жазады Kznews.kz Democrat.kz сайтына сілтеме жасап.
«Біздің мектептерде ата-аналар комитеті жоқ. Ата-аналар комитеті дегеннің өзі бір сүйкімсіз орган. Бұл комитетке пысық, үйде отырған ата-аналар кіріп алады. Олар ақша жинаумен айналысады. Ата-аналар комитеті неге жоқ дегендер болды. Керегі бар ма? Сұрақ болса, бүкіл әлеуметтік желіде отырмын, телефон нөмірім тұр. Бүкіл мектеп басшыларына «ата-ана таңғы 8-ден кешкі 19-00-ге дейін келсе, кез келген уақытта қабылда» деп тапсырып қойғанмын. Кез келген мәселені тікелей мектеп әкімшілігімен ата-ана өзара шешкені дұрыс», — дейді Аятжан Ахметжан.