Асылжан Мамытбеков қызметінен босатылды

0

Ол ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы болатын.

Мемлекет басшысының Өкімдерімен бірнеше жауапты хатшы қызметтерінен босатылды, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысының Өкімдерімен: Марат Алмасұлы Әзілханов Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен; Асылжан Сарыбайұлы Мамытбеков Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.

Бұдан бұрын Асылжан Мамытбеков Қостанай, ОҚО, Астана қаласы әкімдерінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2007-2008 жылдар аралығында премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары болып жұмыс істеді. 2008-2011 жылдар аралығында «ҚазАгро» холдингінің басшысы болған. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы министрі қызметін атқарған.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz