Асылхан Төлеповтің айдай сұлу жары туралы не білеміз? — Қазақстан жаңалықтары

0

Ағасы Артурмен салыстырғанда Асылхан Төлепов отбасы, жұбайы туралы айта бермейді. Әлеуметтік желіде де жарының суретін жариялауға аса құштар емес. Ендеше 2017 жылы отбасын құрған актердің жұбайы жайлы Stan.kz жазады. 

Асылхан Төлеповтің айдай сұлу жары туралы не білеміз?Көпшілікке «Жаужүрек мың бала» фильмінен кейін танылған Асылхан жұбайымен осы картинаның арқасында танысқан десе де болады. Жұбайы Айсұлу Асылханды тойда кездестіріп, інісінің өтінішімен сөйлескен. 

«- Няня, мында Сартай батыр жүр ғой. Мені суретке түсірші.

— Амандасып, рұқсат сұра. Сосын мен суретке түсіріп беремін.

— Ұяламын…Сен айтшы, қызсың ғой, ұлдар рұқсат сұрамайды.

Інімнің жыларман болған түрін көріп, асаба мырза антракт жариялаған сәтте Сартайдың қасына қарай беттедім. 

— Кешіріңіз, інім сізбен суретке түскісі келіп еді, рұқсат болса…

— Иә, әрине (қол былғап інімді шақырды. Ол мәз)

— Раxмет! Біз осылай таныстық», — дейді Айсұлу Асылханмен таныстығы жайында.

Асылхан мен Айсұлу 2017 жылы шаңырақ көтерді. Бүгінде екеуінің Алпамыс есімді бір ұлы бар. 1993 жылы дүниеге келген Айсұлу Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «журналистика» факультетін бітірген. Қоғаммен байланыс, яғни «пиар» маманы. 

Бір үйдің жалғыз қызы, ортаншы перзенті. Өзінен бөлек, отбасында ағасы мен інісі бар. Бүгінде декретте отырған Айсұлу желілік бизнеспен айналысады. Тағы бір қызықты факт, Асылханның әкесі мен Айсұлудың туған күні бір күнде. 

stan.kz