Астролог қыркүйек айына болжам жасады: қазақстандықтарды не күтіп тұр?

0

Қазақстандық астролог Ирина Әбдірайымова қыркүйек айына болжам жасады

НҰР-СҰЛТАН, 30 тамыз — Sputnik. Жұлдыздардың сырын ұққан маманның айтуынша, күздің алғашқы айында оқиғалар өте көп болады. Халық өмірдің мұндай ырғағына үйрене алмай, тіршілік үшін күрес жүргізеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Астролог қыркүйек айының 23 жұлдызына дейін болмашы дүниеге ашуланып, сыншыл болып кететінімізді айтады. Серіктестікке келген кезде әр қадамымызды аңдап басамыз. Сондай-ақ, сезімнің жетегіне ере қоюымыз да екіталай. Мұның орнына «Бұл қарым-қатынас маған не береді?» деп ойланумен боламыз.

«Ер азаматтардың таңдауы бұл айда өмірдің кез келген саласында белсенді, интеллектісі жоғары, сөзге шешен және өз жұмысын білетін нәзік жандыларға түседі. Ал әйел қауымы керісінше өз сенімін ақтамайтын азаматтарды магнит секілді тартады. Ең жаманы – бұл ер азаматтар оларды өзінің теріс мақсатында пайдаланып қалуға тырысады», — деді маман.

Әрі қарай Ирина Әбдірайымова айдың екінші жартысынан бастап сезім мен материалдық құндылықтардың қатар тұрмайтынын түсінетімізді айтады. Осы орайда біз сүйіктімізбен қарым-қатынасымызда романтиканың көбірек болғанын қалап тұрамыз. Осының арқасында некеміз заңдастырылып, жаңа әлеуметтік мәнге ие болады.

«Айдың екінші бөлігінен бастап саясаткерлер тарапынан көптеген жалған уәде естиміз. Еліміздің көптеген лидері екіжүзділік танытып, қол қойылған келісімшарттардың ғұмыры ұзаққа бармайды. Заң актілері мен конституцияға өзгеріс енгізу туралы сөз қозғалуы мүмкін. Сондай-ақ, әлемнің көптеген елінде ақша құнсызданады. Ай бойы саясат аренасында түсінбестіктер болады. Ал соңына қарай бұрын-соңды елден жасырып келген кейбір факті жария етіледі», — деді Ирина Әбдірайымова.

Тағы оқыңыз: Қыркүйек айына ауа райы болжамы шықты

Маман қыркүйек айының үшінші бөлігіне қарай өзгелердің уәдесіне сенбеуге кеңес беріп отыр. Бұдан өзге су тасқыны болып, мұнай шығындалуы ғажап емес.

1-4 қыркүйек күндері орынсыз ашу бізге серік болады. Барлығы бәрін орын-орнына қоюдан басталады. Бұлармен пысықтық, еңбексүйгіштік, жауапкершілік сынды жақсы қасиеттер де қатар жүреді.

«Келер айда құжат мәселесімен көп қиындық туындайды. Сізге «үтір дұрыс жерде тұрған жоқ» деп те сын айтылуы мүмкін. Өкінішке қарай, осындай майда-шүйделерге энергиямызды жұмсауға мәжбүр боламыз. 31-7 аралығында дүниеге келген Бикеш, Егіздер, Мерген және Балықтардың абай болғаны жөн. Десе де, Бикештер жаңа істі қолға алса, міндетті түрде жолы болады. Ал Егіздер, Мерген және балықтар өзін-өзі түсіне алмай қиналады. Осының салдарынан отбасында да, жұмыста да кикілжің болады», — деді Ирина Әбдірайымова.

Астролог керісінше Сарышаян, Торпақ, Шаян және Тауешкіге кез келген мүмкіндікті жіберіп алмауға кеңес берді. Айдың екінші бөлігінен бастап жеке кеңістігімізге рұқсатсыз енген адамдарды ешбір жанжалсыз шығарып салатын боламыз. Осы орайда маман әрбір айтқан сөзімізге абай болуды ескертті.

«1-2 қыркүйек күндері ішкі түйсігіміз өте жақсы жұмыс істейтін болады. Көптен бері мазалаған сұрақтардың жауабы әп-сәтте табылады. 6-7 қыркүйек күндері жол апаты көбейіп, қаралы хабар естуіміз мүмкін. Осы уақытта от, қару, суық қару дегендермен ойнамаған жөн. 3, 4, 6, 7, 11 және 14-і күндері ақшамызды босқа желге ұшырамыз.

Адамдарға іштей талап қойып, кейін осыны сезбегені үшін реніш білдіреміз. Мысалы, сүйіктімізден романтикалық тосынсый алғымыз келді делік. Бірақ сүйіктіміздің тарапынан мұндай қадам болмайды. Кейін осы үшін ашуланып, жұртқа жынымыз келіп жүреді. Яғни бәрін өзіміз ойлап табамыз», — деді ол.

Ирина Әбдірайымова тағы да бір рет ақшаға абай болуды ескертті. Себебі, ойламаған жерден ақшаны қоғамдық көлікке немесе таксиге түсіріп алуымыз мүмкін. Дүкенде артық ақша төлеуіміз де ғажап емес.

Көп адам қыркүйек айында денсаулығы туралы ойлана бастайды. Бұдан өзге айдың ортасында барлық жұмысымызды бір уақытта бітіруге құлшынысымыз артады.

«22 қыркүйектен бастап көңіл-күйіміз болмай, депрессияға түсеміз. 24 қыркүйекте сүйіктімізбен мәңгілікке айырылысу туралы шешім қабылдаймыз. Жанжалдарды барынша айналып өтуге тырысыңыз. Себебі адамдар тура мағынасында қолыңызды сындырып жіберуі мүмкін. Айдың соңғы күндері әйел адамдар адуында ер азаматтардан таяқ жеп қалуы да ғажап емес», — дейді маман.

Астролог бастапқыда қатты қиын болып, депрессияға түссек те, уақыт өте келе барлығының ретке келетінін айтып қуантты. Мұнымен қатар, адам көп жүретін ортада сақ болуға кеңес берді.



sputniknews.kz